Мұздай суға түскеннін пайдасы бар ма?
блог
Салқын судың әсерінен ағза қандай өзгерістерге ұшырайды? Судың жылу өткізу қабілеті ауаның жылу өткізу қасиетінен 28 рет артық екендігін ескерсек, су ойығына түскен кезде дененің сырты бірден жылу бөле бастайды. Суықтың аз уақытта (1-2 минут) әсер етуінде пульс 10-15%-ға тездей түседі, ауа жұту 6 есеге дейін артады, қылтамырларды нығайтуға керемет гимнастика болып табылатын терінің кенет тартылуы орын алады, сондай-ақ ішкі ағзаларға қан мөлшерінің түсуі жоғарылайды. Дененің жылу өңдеуі 10 есеге өседі (қыс кезінде мұздай суға сүңгіген адам су ойығынан шыққанда бу шығатынын барлығы көрген болар, ал өзі сол кезде, тіпті жиырма градустық суықтың өзінде, денесінде жылулықты сезінеді). Сонымен қатар, салқын суға түскеннен кейін адам рахаттанады және эмоционалды және рухани күштің жоғарылағанын сезінеді, ол қанға «қуаныш гормондары» − эндорфиндердің тасталғанына негізделеді. Көңілді күй және жоғары тонус суға түсіп шыққаннан кейінгі бірнеше сағаттан соң да бойда сақталады. Бұдан басқа, бүйрек үсті бездері суық стресске гормон бөлумен жауап береді, ал ол гормондар төтенше жағдайларда негізгі органдарды және физиологиялық жүйені жедел қолдау үшін арналған. Бұндай гормондардың (кортикорстероидтер) мықты асқынуға қарсы әрекеттері бар, созылмалы асқынған аурулары бар адамдардың салқын суға түсуден сауығуы осылайша түсіндіріледі.