Муза деген осы болса керек...

Муза деген осы болса керек...
жеке
блог

Есімі Біржан Сал, Естайлардан кейін айтылатын, қазаққа "Гәккуді" сыйлап кеткен Үкілі Ыбырайға үнемі ән жазар алдын бір әдемі келіншек кіреді екен түсіне. Ояна салысымен дүниеге керемет бір ән тудыратын деседі. Және бір қызығы, егер түсіндегі келіншек теріс қарап отырса немесе көңілсіз кірсе, ән "сәтсіз", көп әннің бірі ғана болатын болған. Ал, ОЛ жадырап, күлімдей кірсе, жазған әні нағыз жауһар туынды, "хит" болып отырған. Жасы алпыстан асқан шағында әлгі келіншек түсіне тағы кіріп, өзінің қоштасуға келгенін білдіріпті. Сол күйі көңілсіз шығып кетеді. Ертесіне Ыбырай енді ән жазбайтынын түсініп, ең соңғы әні "Қалдырғанды" жазыпты. Біле жүріңіз...