Мутурганчик өз қорқынышын жеңе білді...

        Олар – арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты. Олар - ақыл мен күштің, жүрек пен сенімнің иелері. Олар - бұрын соңды болмаған тартысқа түседі. Бұл тартыста ыстық қайрат, нұрлы ақыл және жылы жүрек жеңеді. Ал олардың тірегі - махабат пен сенім.

       Тәуелсіздік мерекесінің алдында «Саған сенемін. Мой лучший» жобасында ҚР-ның отбасылары өздерінің тату екендіктерін дәлелдеді. «Отан – отбасынан басталады демекші», олар Отанға деген патриоттық сезімдерін ойын барысында көрсете білді.

         Аударыспақ сайысында «Ал Давай» тобының әншісі Данияр 2 минут бойы аттан құламай тұру керек болды. Ол өзінің қарсыласы ретінде кімді таңдады екен?

     Еліміздің бас әзілкеші Мұрат Мұтұрғанов өзінің қорқынышымен бетпе-бет келді. Оның қорқынышын шегіртке, жылан, тышқан, шикі қамыр шақырды. Бойдақ жігіт «Саған Сенемін. Мой Лучший» бағдарламасында бағын сынау үшін құрбысы ретінде Рашида Тыливалдиеваны алып келді.

Барлық сайыстардың ішінен Рашида Мұрат үшін өте оңайы –  аквариум ішінен теңге табу деп білді. Бұл сайыста Мұрат Мұтұрғанов қаншалықты өзін ұстай алады екен?

    Әнші Игорь Благодарный жары Софиана Благодарныймен бірге арқан тартыста қанша баланы жеңе алады?

   Осы сауалдардың жауабын  білгіңіз келсе Астана арнасында «Саған сенемін. Мой лучший» жобасынан, 16 желтоқсан күні, сағат 19:00-де қапы қалмаңыздар.

 

 

 



Бөлісу: