МҰСТАФА ШОҚАЙ ҚАШАН АҚТАЛАДЫ?

МҰСТАФА ШОҚАЙ ҚАШАН АҚТАЛАДЫ?
жеке
блог

Бодандық бұғауында болған, отаршыл саясат құрсауында болған жылдары тарихымыздың ақ парағына қара дақтар түсті. Қазір ел аман, жұрт тыныш. Өткенімізге бойлап, болашағымызды ойлап, бүгінімізді кешіп жатырмыз. Тәуелсіздік таңы атқалы тарихымыз түзетіліп, өшкен есімде жаңғырды. Дегенмен ішімізде әлі бір әттеген айымыз бар. Жанымызға бататыны не дейсіз бе? Бұл санаулы ғұмырында саналы саясат жүргізуге ұмтылған Мұстафа Шоқайды әлі күнге дейін ақталмауы.

Бұл жайлы Әміржан Бәкірұлы «Мұстафа Шоқай қашан ақталады?» еңбегінде кеңінен тарқатады. Атап айтар болсақ, ол өз еңбегінде «Осы уақытқа дейін билік орындары Мұстафа Шоқайдың күрескерлігін бағалай алмай келеді. Кезінде Мұстафа Шоқайды «фашистік Германияның басшысы Гитлермен кездесіп, оның министрімен келіссөздер жүргізді», Түркістан легионын құрып Отанына опасыздық жасады» деп айыптаған еді. Оның үстіне жаңа айыптар тағылды. Кейбір авторлардың осылай өтірікті шындай жеткізетініне таңғаласың» деп бұл көзқарастың қате екенін меңзейді.

Енді бір сөзінде «Тіпті кеңес үкіметі де Мұстафа Шоқайды фашистермен сыбайлас болды деп айыптамаған. Мұстафа Шоқайды олар «матёрный панисламист- алашордынец» «организатор буржуазно-националистического «автономного правительства» деп айыпталған» деген дәлелдерін дәйектей жеткізеді.

Мұстафа Шоқайдың есіміне қара дақтың түсуіне істің байыбына бармай тон пішіп, бұл жұмысқа ат үсті қараған жандар әсер етті.

Және оны осы қарадан ақтайтын мысал, мына әңгіме бола алады. Автор сөз еткендей, Мұстафаның жұбайының сөзіне қарағанда оны Берлинге алғаш шақырғанда бас тартыпты. Содан кейін, не үшін шақырып жатырғанын ойлаған. Артынан Берлиннен екінші шақырту келеді. Бұл жайлы жарымен кеңеседі. Берлинге шақырудың түпкі мақсатына бойлайды. Солай егер шақыртудан тағы бас татып, бармай қалса енді күштеп алып кететіндерін, жұбайымен қоса темірторға тғытатынын түсініп, еріксіз Берлинге аттанады.

Берлиндегі кездесудің, түпкі мақсаты Мұсафа арқылы Кеңес одағының әскери күшін бағамдап, көкейден жүрген сауалдарына жауап алу болатын. Дейтұрғанмен Мұстафа ешкімге жаға ашпайды. Ұойылған сұрақтарға мен әскери адам емеспін білмеймін, мен тек Түркістан өлкесіне жауап беремін деп құтылады. Түркістан өлкесі жайлы сауалдарғада қарқ қылып жауап бермей, комиссиядан сұранып елге оралады. Және осының бәрін жарына баяндап берген.

Осыдан ақ оның Отанына деген қиянаттан ада екеніне көзіміз жетеді.

 

Назерке Альбертқызы