МҰРАТ ƏУЕЗОВ ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ

ҚАСИЕТТІ ҚАЛАМ ИЕСІ ОҢТҮСТІК ОҚЫРМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ.

"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері , филология ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Тарлан», «Алтын жүрек», «Алтын асық», «Алтын адам» премияларының лауреаты Мұрат Әуезовпен «Әуезов әлеміне саяхат» атты кездесу кеші өтті. 
Айтулы басқосудың мақсаты - ұлттық рухани жаңғыру жайын талқылау, мәдени құндылықтар мен кешегіні келешекпен байланыстыратын көзқарасты тану, қаламгер мен оқырман арасындағы әдеби байланысты нығайту және кітап оқытуды насихаттау болып табылады. Осы орайда, қазақ елінің маңдайына біткен кемеңгер жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына орай ұлы Мұрат Әуезов ескірмес естелік, тарихи ой-толғауларымен бөлісті. 
Кездесу кешіне зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер кеңесі, әдебиетшілер жəне ғалымдар, жоғары және арнаулы мектеп оқушылары, мәдениет саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. 
Кеш барысында жазушы Еркінбек Тұрысов Мұхтар Әуезовпен сапарлас болған сәттері жайында естеліктермен бөлісті. Жиында жазушының шығармашылық ізденісі, қаламгерлік келбеті мен жазушының тәуелсіздік тағылымы жайындағы ойлар мен еңбектерін ел игілігіне ұсыну жөніндегі пікірлер ортаға салды.
Сонымен қатар, "Отырар" облыстық ғылыми-əмбебап кітапханасынан "Мұрат Әуезов әлемі" бұрышы салтанатты түрде ашылды.

Суретті түсірген: Асхат Əсетұлы.

ОҚО Мəдениет басқармасының баспасөз қызметі.



Бөлісу: