Мұрат Мөңкеұлының "Қыз" өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз

"Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды демекші" деген сияқты қыз баласына өлең арнау да ақынжанды үшін әсте жаңалық емес, тіпті кейбірінің бағын ашқан тақырып деуге де келеді. Әсіресе, әнші-ақындар әдебиетіндегі әуелгі тақырып осы десек, жаңылмаспыз. Осы тұста әдебиеттегі мені таң қалдырған тың туындылар жайында айтқым кеп отыр. Анау айтқандай "тың туынды" да емес-ау, таң қалдырғаны сол - зар заман өкілі мен XIXғ. 1-жартысының , яғни әнші-ақындар әдебиетінің өкілінің өлеңдері бір арнаға тоғысып, барлық тұрғыдан үндесуі. Дәлірек айтқанда, Мұрат Мөңкеұлының "Қыз" өлеңі мен Ақан Серінің "Қыз сипаты". "Әу" деместен, атауларынан-ақ ұқсастықты аңғарған боларсыз. Мазмұнына келейік. Мұрат Мөңкеұлы бар мақтауды бір қыз бойынан тауып, 

                   Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз,

                  Оздырдың салтанатты төріңнен, қыз.

                  Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,

                  Реңкің сары алтындай көрінген қыз,- деп шабыттана жырласа, ал Ақан Сері:

                   Бірінші бір қыз келер ақша маңдай,

                  Жамағат - үлкен-кіші мақтағандай.

                  Екінші бір қыз келер тілі жорға,

                  Ұқсаған жұмақтағы бейне хорға.

                 ...Алтыншы бір қыз келер толық сары,

                 Бойына тең келмейді жанның бәрі,- деп қыз-қырқынның мақтауын асырады.Азды-көпті айырмашылығы осы. Мазмұны бір болғанымен, мақамында, сөз иірімдерінде де аздаған айырмашылық бар сияқты. Бірақ, екі түрлі ақынның туындысы болғандықтан, бұл, әрине, заңдылық.

Қалай десек те, ұқсастығы басым боп тұр. Енді мазмұны бойынша ең басты ұқсастыққа келейік. Екі бірдей сөз шайырының өлеңдерін өрнектеп, өрелі оймен, ең негізгісі, қорытындысын келіскендей бір-біріне пара-пар оймен аяқтаған қайта көңіл аудартты. Мұрат Мөңкеұлының өлеңіде:

                Шалықта ата-анаңның дәулетіне,

                Бір күні жөнелерсің үйіңнен, қыз.

                Әуелде атаңа еріп, анаң келген

               Байқасаң, осы жерден білінген, қыз,- делінсе, Ақан Сері өз өлеңін:

               ...Жетінші бір қыз келер алым-салым,

              Болғанда мойны қысқа, шашы қалың.

              Әрқашан осындайға кез келеді.

              Қашаннан арылмаған соры қалың,- деп ақыры "Қыз мұраты - кету" деген қорытындыға келеді.  Тек Ақан Сері сәл де болса, "әйел теңсіздігі" тақырыбын қамтып өткені бар.

Жалпы, ақындар қауымының ең сүйікті тақырыбы осы ғой. Демек, бұл тақырыпта өлеңнің көп болары да анық. Ал, сол көп өлеңнің ішінен көзге ілініп, оқырман қауымның көңілінен шығып жатса - ақынның еңбегінің еленгені.



Бөлісу: