Мұны да салт дейміз-ау!
блог
Қазақ халқы қашанда мәдениет пен тәлім-тәрбиені қатар ұстаған халық. Білгені мен көргенін кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде қалдыра білген. Мұндай сәтте салт-дәстүрдің де жырақта қалмайтына белгілі. Кешегі үйде жүрген бұзық бала ер жетіп,еркелеген қыз балиғатқа толған шақта әрбір ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруы» парыз.
Әрине, қай ата-ана қызының жақса жерге барғанын немесе ұлының өнегелі жерден қыз алғанын тілемейді дейсіз. Бәрінің салт-жоралғы мен, үлкендердің батасымен болғаның қалайды. Алайда өмір болғасын бәрі де болып тұрады. Біреу еркімен үйленіп сүйіп қосылса, енді біреулері кездейсоқ алып қашудың құрбаны болып жатады.
Қыз алып қашу-салт па? Тереңге көз жүгіртсек, қазақ халқында қыз алып қашу атам заманнан бері келе жатқан дәстүр екен. Бұрыңғы заманда белгілі себептерге байланысты «алып қашу» немесе «қашып кету» арқылы үйлену салты болған. Бұл салт негізінен екі жақты көптеген салмақтан құтқарудан туындаған болса керек. Ол шындығында қызды күшпен алып қашу емес, келісілген жағдайда атқарылатын шара. Мұндайда, жігіт жағы қызды кіргізіп алған соң, құдалар ауылына «аяққа жығылып, кешірім сұрап, рұқсатын алуға» 2-3 адам «хабаршы» келеді. Үйленудің бұл түрі кейде ата-ананың, әсіресе, қыз жағының екі жастың үйленуіне қарсы болған жағдайында да жасалады. Алайда, екі жастың ниетін біле тұрса да құдаласудың ырым-кәделерінен азат болу мақсатында ата-ананың осындай жолға баратыны кездеседі. Яғни мұның бәрі келісім бойынша. Бұл тақырыпта жазуымның бір себебі, жаңа ғана Ютуб парақшасынан мына бір видеоны қарап жағамды ұстадым. https://www.youtube.com/watch?v=Zd5Qp0Vv05Q
Қыз баланы сырттай ұната салып, немесе танысын-танымасын, үйлену керек болғаннан кейін алып қашу - бұл адамгершілікке мүлдем жатпайды, сондай-ақ бұл қыз балаға жасаған қиянат деп білемін. Мүмкін ол қыз өмірін басқамен бөлісіп, баскаға бақыт таңын сыйлағысы келетін шығар. Бейшара қызды бейне бір “мал” секілді зорлық пен өзіне жар ету, ол қыздың балаға деген рахметі мен махаббатын емес керісінше оған деген жиіркеніш сезімін оятады. Адам баласының мұндай ессіздікке баратындай білімінің таяздығына ішім күйеді. Әрине ,арты жақсы болып бақытқа ұласса жақсы-ақ, алайда өмір бойы қыздың көз жасына қалу бұл-азап. Қыз деген –ана, біреудің сүйікті жары, мәпелеген қызы, ардақты әпкесі, еркелеген қарындасы. Ал махаббат ұлы ұгым, суймеген адамның кішкене қателігі кешірілмейді , ал суйгенің кателік жасаса да көрінбейді. Не де болса келісімсіз алып қашудың арты, өмір бойы орны толмас өкініште қалмасын деймін.