Мұндай қыздар қайдан шығады???
блог
Баяғыда бір ханның өте әдемі, өте сұлу, өте көрікті бір қызы болыпты! Оған ғашық болмаған жігіт болмапты. Сол қызға сөз салуға келген жігіттер, тіпті ұзын сонар кезекке тұрыпты-мыс. Әлгі қыз ешқайсысын менсінбей, ешқайсысын ұнатпапты! Сосын бір тақыр кедей жігіт болыпты, ол ойланып, мүмкін мені ұнатып қалар деген ниетпен, ханның қызына тәуекел етіп барыпты. Оны да ханның қызы ұнатпай, керісінше кедей екенін бетіне басып, сарайдан қуып шығарыпты.
Содан біраз жылдар өтеді. Әлгі кедей жігіт өз өмірін өзгертпекші болып, талмай еңбектеніп, өзінің талпынысы арқылы жағдайы түзеліп, бай жігіт болып шыға келеді. Енді ханның қызы мені қалайтын шығар деп, ханның сарайына қарай ат басын бұрады. Сөйітсе, ханның қызы бір түрі жаман, өзінен әлдеқайда үлкен бір кәрі еркекке үйленіпті. Бай жігіт таң қалып, хан қызынан неге әдемі бола тұра, бұл еркекке үйленгенін сұрайды. Сонда ханның қызы: онда менің бір тілегімді орында сол кезде бәрін түсіндіремін дейді! Жігіт келіседі. Ханның қызы жігітке: сен мына баққа кіріп, оның ішіндегі ең әдемі гүлді маған әкеліп бер, дейді. Жігіт, бұл да қиын болып па, деп бақтың ішіне қіріп кетеді. Бақтың ішінде келе жатып, бір әдемі гүлді көреді, оны алайын десе, тағы бір әдемі гүлді көреді, оны алайын десе тағы одан да әдемі гүлді көреді, сонымен не керек, бір-бірінен асқан әдемі гүлдерді таңдай алмай, бақтың арғы жағына қалай шығып кеткенін білмей қалады. Сосын бақтың ең соңында бір солып қалған гүлді алуға мәжбүр болады. Сонда ханның қызы келіп, енді мені түсіндіңбе деген екен!!!
Қазіргі қыздарға айтарым: Таңдаған тазға жолығады деген міне осыны көрсетеді! Не болсада егер сүйіктілеріңді тапсаңдар, одан айрылмай, тезірек үйленіп алғандарың дұрыс деп ойлаймын. Нұрсұлтан Назарбаев: мен бір қызға қатты ғашық болдым да оған тез арада үйлене салдым, егер махаббат келсе, соған жабысу керек дейді, әйтпесе кейбір адамдар осы мүмкіндікті жіберіп алады да, үйленбей қалады дейді! Барлықтарыңның махаббаттарыңды табуларыңа тілектеспін!
Сәлеммен Ауылбайский жігіт, яғни Жандос Иброгимов!!!