Мұндай да болады екен))

ДОСТАР.  сіздің бастарыңыздан бұрын мұндай жағдай өткен бе, жоқ па мен білмеймін. Бірақ, мен тұңғыш рет осылай ауырып тұрмын. Біздің Оңтүстік Қазақстанда естіп жүргендеріңіздей жаздық температура +40c градусты бір ақ көрсетіп тұр. Адамдар тығылатын жер таппай әлек. Бала-шаға,ата-әже дегендріміз өздерін әрең ұстап жүр. Мен қазіргі таңда курс орталықтарына барып жрмін. Аптап ыстықта ары-бері біраз сандалып жүруге тура келеді. Солай ыстықтың кесірінен міне ауырып қалған жағдайым бар. Қазір тәуірмін. Дегенмен, алғашында дене қызуым +39 тан тек түспей қойды. Тамағым да жанып, ашып барады. Анам екеуміз ангина шығар деп ойлап, қазақшылықпен тамағымды қайта-қайта басып біраз жанымды көзіме көрсетті. Үш күн осылай шыдап жүре беріппін. Төртінші күн болғанда, денем тым қатты ысыды. Шыдай алар емеспін. Еріндерім қызарып, бір біріне жабысып, ысығаннан ашып барады. Бір уақытта есімді жоғалта бастағандаймын, әлсізденіп кеттім. Анамды шақырып дереу мұздай заттың барлығын сатып әкелуін өтіндім. Анам әкелген шелекшедегі балмұздақтың барлығын тауыстым. Мұздайлығын ең соңғы сәтте сезіндім. Содан үстімнен тер шықты. Сол терлегеннен 2 күн тер тоқтамады. Қазір, тәубе өте жақсымын. Әбден ыстыққа үйренген Оңтүстіктің тұрғыны мен осылай ауырсам, солтүстіктен келетін қонақтар бірден еріп кетер....



Бөлісу: