Мұнда тек жаңалық жазбаймын

Мұнда тек жаңалық жазбаймын
жеке
блог

Қалайсыңдар, бауырлар. «Құшағыңды аш, Массагет!» деп аталатын алғашқы блогымды жазғанымда мұнда достар шын мәнінде ақ пейілдерін көрсетіп, құрмет көрсетті. Бірінші кезекте бәріңе рахмет айтамын.

Сыр қызы есімді қолданушы «Сәлем! Қадам құтты болсын! Концерт я клип түсіргенде ғана жылт-жылт етпей, алуан тақырыпта ой жазып тұрыңдар! Қуанып қаламыз! Рақмет!» депті. Әрине, қазіргі әрлі-берлі жүріп, тұңғыш альбомымызды шығару үстіндеміз. Уақыт қаншама тапшы болса да массагетке кіріп тұруға тырысамын. Мұндай ұсыныс жасаған Сыр қызына рақмет! Осындағы блогерлер мен пікіршілердің өте белсенді екенін байқадым. Бір айтқым келетіні - бір-бірімізге деген сыйластықты жоғалтпайық.

Альбом шығарғалы жатырмыз. Электрожетігеннің әсем сазына жазған әндерімізді бірінші болып осында салуға тырысамын. Сіздерге де ұнайды деген үмітіміз де жоқ емес. «Шарапат» тобына, электрожетігенге қызығушылық білдіріп жатқандар көп. Соның ішінде «Караван» газеті «Эпоха модерна для жетыгена» деген мақала жазыпты. Қуанып қалдық. Жаңалығымыз осы. Бірге болайық!