Әкем, тәте, ініме келіп, еркелеп, демалып жатырмын...
Ауылым осылай қарсы алды. Анау сол жақ шетте ағараңдап, сегіз жасар інім айтпақшы, "аппақ тастар" - ауылым.
Жаңбырымен "жылап" қауыштық.
Ертесі күн ашық болды.
Сосын осылай өзгерді. Анау көк аспан көрініп тұрған жақ қырғыз елі. Бізде жаңбыр ақ жауын, өткінші және "таумен кететін" деп бөлінеді. Яғни, таумен кететіні ауылға "кірмейді. Мынау "таумен кететіні".
Жаңа ғана жаңбыр жауды деп кім айтады?
Ертесі.
Үйдің айналасында қайыңдар көпппп.
Қурап жатқандары да бар. Әкем қимады, сірә, әлі шаппапты. Солай ұқтым.
Өмір үшін күрес! Қураған қайыңның төменгі жағынан "тіршілік" көрдім!
Ал, мына сүгіретті жүктеп алып, сәл кішірейтін қарап көріңізші? Адамның бейнесін: көзін, мұрнын, аузын көресіз. Мен көрдім. Көрсеңіз, айтарсыз.
Будақ бұлтқа мініп алып, қалықтаса аспанда, шіркін...
Құрт жеп, қымыз ішіп...)
Мың құбылады шіркінің!
Сиыр сауып бітіп, анааау бұлтты көре сала, есік алдындағы дөңге "ұштым". Ұшқаныма тұрады, ә?) Айтпақшы, шоқы-шоқы тауларды санай алдыңыз ба? Соңғылары аса байқалмайды, "отырып кеткен". Барлығы тоғыз тау. Кезінде сол тоғызынан тоғыз бұлақ ағыпты. Сондықтан да, Тоғызбұлақ.
Күн әлдеқашан батып кетті. Бұлт пердесін жабайын деп жатқандай... түнгі...
Таудың біткен тұсы - Алматы.
Анааау тауға жазда, күзде құлпынай, қарақат теруге жаяулатып, не атпен баратынбыз. Онда қырғыз елінен бастау алатын Меркі өзені ағады, балығы жоқ. Балық жоқ болуы себебі - тауда көп мөлшерде уран бар, дейді үлкендер.
Бірінші таудан оңға қарай созылып жатқан жолды көрдіңіз бе? Ол - сиыр жол. Сиыр жолдың басынан сиыр өрісі тарағанын көргенде, сиырларды айдап келуге жүгіретінбіз.
Ауылым осы. Бұл бер жағы. Осында демалып жатырмын. Қаласаңыз, келіңіз)).
Н.ғ.: ...ауылда аспан жерге жақын, әрі жұлдыздар "көп".