Қазақстанды ғана емес, әлемдегі мұнай кен орындары табылған басқа да әлем елдерін байлыққа батырған мұнайдың айналысында жұмыс жасап жүрген баршаны "Мұнайшылар күнімен" құттықтаймын. Мұнайдың қазіргі жағдайы мәз болмаса да, алдағы күннен жақсылық күтейік. Мұнай бағасының түсуі алпауыт елдердің сайқал саясатының кесірі. Солардың кесірінен талай мұнайшы жұмыссыз қалып, табысынан айырылды. Алайда, бұның бәрі уақытша құбылыс. Бәрібір мұнайсыз әлемнің күні жоқ. Жаңа энергия көздерін тапқанымен, оларды қолданысқа енгізуге бірталай уақыт керек. Жылына қанша электромобиль шығарса да, қолданыстағы көліктердің орнын ауыстыру үшін ондаған жылдар қажет. Сондықтан да, құрметті мұнайшылар еңселеріңді түсірмей тек алға қарай жүрейік.