Мұқтар атама арнау...
Естеріңізде болар, Мұқтар атамыз осы жылы 70 жасқа келді. Сол кезде біздің Теміртау қаласына келетін болған. Алайда, өкінішке орай, Теміртау былай тұрсын, өзінің 70 жылдық мерейтойына да қатыса алмай қалды. (Денсаулығына байланысты бәрі) Дегенменен, жоқ екенін білдіртпей мерейтойды өзіміздің ортамызда өткіздік. Сол кезде, қазанның 16-сы күні Теміртаудың мұражайында атамыздың мерейтойы болды. Сол кезде мен өзімнің арнауымды оқыған болатынмын. Соны сіздерге де жеткізсем деп едім...
Жыр жаздым мен жүрек жарды сөзбенен,
Ақын жайлы тек шындықты көздеген.
Қазағымның даласында кең-байтақ
Ақын туды Шахановтай өзге-өрең!
Мың тоғыз жүз қырық екінің шілдесі,
Пайда болды жаңа өмір іргесі.
Жастайынан қиыншылық көп көріп,
Мезгілінен ертеректе кірді есі.
Туғанынан ақын болып тумаған,
Еріншектің ессіз жолын қумаған.
Адамдықты мақсат етіп алдына,
"Өз елім!" деп жүрегі әркез тулаған.
Осылайша өмір сүрді қалыпты,
Тамсандырды өлеңдері халықты.
Қырық тілге аударылып өлеңі,
Қазағымды бар әлемге танытты.
"Жалын" атты журналды да басқарды,
міне, осылай күрделі өмір басталды.
Елші болып Қазақ - Қырғыз жерінде,
Біраз жерде талай қызмет атқарды.
...Мұқтар атам жылағанды күлдірген,
Бұл өмірдің шындығына сендірген.
Талай жырды дүниеге әкеліп,
Ақын болып өсетінін кім білген?!
(Жан жоқ, сірә, менен бүгін бақытты,
Көрдім бүгін Мұқтар ата, жақұтты)
Өсіп-өнем, болам деген балаға
Сермеуші деп есептеймін бағытты.
Дәл осылай абыройын жинаған,
Еңбек жолын әлі де ол тыймаған.
Мен жырлаған Мұқтар ата қазаққа
Бұл күндері болып жүр ғой сыйлы адам!
Осылай... Осылай өлең арнап, оқыдым ертеңіне. Бұны түңгі 02:15-те аяқтаппын)