Мұқан аға туралы сыр айтайын

     Жас блогерлер халдеріңіз қалай? Алдыңғы блогымда хабарлағандай аптаны поэзияға арнаймын дедім ғой?! Бүгін поэзия жаршысы, қазақтың лирик ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгілер үшін мəртебесі биік ақиық ақын - М.Мақатаев жайында болмақ. Жалпы мен, М.Мақатаевтың өлеңдерімен  жетінші сыныпта таныстым. Ақынның кітабын қолыма алып оқи бергенімде, бойыма ерекше күш-жігер беріп, еліктіріп, тербетті десем, артық айтпасам керек. М.Мақатаевтың өзі айтқандай: "Қуат алып, Абайдың тіл-күшінен, Жыр жазамын Абайдың үлгісімен",- демекші менде:

    Мұқан ағаның жолын қуып дара,
Келемін əйтеуір ізін сала.
Шарықтап шырқағанда,
Қай қазақ-ау?!
Əу, демесін қалай ғана əнге сала?!- деп мына өлең жолдарын тарту етемін.
   Мұқан аға туралы сыр айтайын,
Жүрегімді жылытқан жырлар жайын.
Қаншама рет ойланып, толғансам да,
Жете алмадым тереңге қомдансам да.
Ұға білсең өмірін даналап, 
Құстай ұшқан өмірге даралап.
Нұр себеді жаныма, гүл себеді.
Есімі жүрегіме бірге енеді.



Бөлісу: