Мұқағали мақтанышым!

Мұқағали мақтанышым!
жеке
блог

Тірісінде қолдау таппай қоғамнан,

Мың өліп,мың тірілді-ау,ақ арман!

Мұқағали өзі өлсе де,сөзі өлмей,

Қазағына,мәңгілікке оралған.

 

Ақиық,алып,сыршыл ақын атамыз,

Өлеңімен,сусындап біз жанамыз.

Қазағымның қара өлеңін түрленткен,

Ақындардың ақыны ғой,аты аңыз.

 

 

Шәмші досы секілденген өмірде,

Талай сырды,іркілтеді-ау көңілге!

Әділетсіз сол сәттерге ұялам,

Тіреп қойған әділдікті өлімге.

 

Екеуіде бір туары ұлтымның,

Иесі емес жеңіл өнер жылтыңнын.

Туа біткен,тума талант иесі,

Мақтанышы елімменен,жұртымның.