Мұқағали....Бүгінде бұл есім әркімнің көңілінде күллі қазақ даласының образын оятып ,оның ұлан-ғайыр кеңдігін ,көкмұнар таулары мен жан баспаған жапандағы қара орманының түпсіз терең тұңғиық көлдерінің көрнісін көз алдыма әкеледі.Ол-туған халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті, ерекше дарынымен даралаған ақиық ақын .Өмір атты бір нәзік сәулеге деген шексіз іңкәрлікке ,жарық пен жақсылық атаулыға деген ұлы сағынышқа толы Мұқағали жырларына үңілген әркімнің жансарайы кеңіп сала берері анық.