Мұхтарбай Өтелбаев 25 әріп пен 8 диграфтан құралған латын графикасының түзетілмейтін қателері және Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы жұмыстарын қарап шығып жобаны қолдайтынын, жобаның жарияланған жобадан көш ілгері екенін айтты және төмендегідей ескертулер жасады:
1. Жобаның осал тұсы «ң» дыбысын «h» әрпімен белгілеуде. Жұрт «менің» сөзін «меніһ» деп айтып қылғынып қалады.
Жауап: Латиницаны білмейтін бала оны бірден «ң» деп оқыса тез үйреніп кетеді емес пе. Жобада бұл туралы «дыбыстарды шығару үшін демді тіл артындағы кеңістік арқылы шығару керек» , жазылған дедім. «Онда төбесіне қалпақ кигізе салмадың ба?»,-деп сұрады. Мен «Ондай әріп Windows кестесінде жоқ», деп едім, «Онда басқа бар кез келген символ тап бұл дыбыс жуан болып та, жіңішке болып та айтылады, оған қалпақ кигізу міндетті емес», деді. Сірә осынысы дұрыс шығар!
2. «g» әрпімен «ғ» дыбысын, ал «ĝ» әрпімен «г» дыбысын белгілеу керек, сонда барлық жіңішке дыбыстар қалпақты болады.
Рахмет Мұхтарбай ата! Сіздің ескертулеріңіз өте орын-ау деймін! Ақылғы қонатын сияқты!
Программалаушы, Google-аудармашының
орыс, түрік, ағылшын тілінен қазақ тіліне
аударатын программасының авторы, т.ғ.к. Каюпов Табылды
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Ертегі Мақта қыз бен мысық, Бір үзім нан, Алтын сақа, Тазша бала