Мұхтар ШЕРІМ.Бүгінгі сатира. ШОШҚАДА ШАШ ЖОҚ...

Мұхтар ШЕРІМ.Бүгінгі сатира. ШОШҚАДА ШАШ ЖОҚ...
жеке
блог

 

Қыздар, бүгін шаш өсіру мен оны күтудің құпияларымен бөліссем деймін. Шаш, оның мекен етер жері–бас. Тізеге шаш шықпайды, арқаға шаш шықпайды, шаш шықса да, оны ешкім ұқпайды. Шаш адамның көркі. «Маймылдың көркі шаш» дегенді естісем, есек мініп кетейін. 
Мәселен, менің шашмның ұзындығы он километр болатын. Әркім басып кете беретін, жинап қойсам, шашып кете беретін болған соң, тоғыз шақырымдайын қысқартып тастағанмын.
Қыздар, шашты өсіру үшін, оның ұшын қырқып тұру керек. Шаш жуған сайын кондиционер қолдануды ұмытпаңыз. Бояу және шаш үлгісін жасайтын ыстық құралдар шашқа зиянын келтіреді. Оның орнына басыңызды бір шелек айранға тығып, бір сағат тұншығып отырыңыз... Ал, кондиционер шаштағы ақуыздар мен липидтерді толықтырады. Шаш өссе, еркектердің көркі. Олар тамсанады, бұрылып тұрып қарайды. Ал, қыздар арасындағы төбелесте таптыр¬майтын құрал. Бірі-бірінің шаштарынан ұстасып, қатып қалуға ыңғайлы. Кейінгі кездері кафелерден масайрап шыққан қыздар үшін айтарым, шашыңызды тықырлап алдыртып тастап, орнына парик киіп шықсаңыз, қатып кетеді. Сонда қарсыласыңыздың қолында тек парик кетеді... Су сабынды мөлшерден тыс қолданбаңыз. Су сабынның мақсаты – шаштағы ластықты кетіру, бірақ оны көп мөлшерде қолдансаңыз, шашқа қажетті табиғи майларды да жуып тастайды ал, төбелес кезінде шаш жұлынғыш келеді. Әр апта сайын бұрымға май немесе маска жағыңыз. Шаш қатая түседі. Күйеуіңізбен төбелесте көмегі көп болады. Тамақтануыңызға мән беріңіз. Тамағыңыздың ішінде қыл–қыбыр болса, ол да шаштың өсуіне әсер еткенімен, әлсіз болады. Шашыңызды ұқыпты тараңыз. Егер құрбыңызбен төбелесіп жатсаңыз, бес минөт «перекур» алып, шашыңызды тарай қойыңыз, сосын қайтадан төбелесе беріңіз. Жұлын¬ған шашың¬ызды лақтырып тастамаңыз, театрларға өткізіңіз, олар сақал жасай-ды. 
Қыздааар, шашыңыз да, шаш өсіп тұрған басыңыз да аман болсын! Шайтанда шаш бар, шошқада шаш жоқ, шаштарыңызды құрметтеңіздер! Тек төбелеспеңіздерші а?

(Фотоның сатираға қатысы жоқ.)