Мұхтар ШЕРІМ. МЕНІ ҰМЫТПАҢЫЗДАР!
блог
Мені ұмытпаңыздар! Мен керекпін әлі! Мен өлген соң, сағынатын боласыздар! Мен... Мен тарихта қалған адаммын!
Атақбай ҚҰМАРҰЛЫ,
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «құрметсіз еді» десе де, облыстың, ауданның ауылдың, көшенің, үйінің құрметті азаматы, Президент сыйлығының иегері бола жаздаған, Қазақстанға еңбегі сіңген қоғам қайраткері болайын деп жүрген, жұрт парасатсыз деп жүрсе де, «Парасат» орденінің иегері, «Қазақстанның еңбек ері» атағына бір қадам қалған, «Отан» орденімен түсінде наградталып қойған, үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені кеудемде жарқыраса деген арманшыл, екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталса деген ниеті бар, «Ерлігі үшін» медалімен наградталу үшін ерлік жасауға дайындалып жүрген, филология ғылымының кандидаты, профессор болу үшін жан беруге даяр, кеңес дәуіріндегі октябрят, комсомол мүшесі, 2018 жылдың үздік арызқойы, «Махаббат» орденінің иегері, қартайса да, тоқалдан дәмесі болғаны үшін бірінші дәрежелі «Иісі жоқ сезім» медалімен марапатталған, әскери «Құлқынейтор» (ефрейтор сияқты), «Жепқойғаник» (Полковник), «Парқоршал» (маршал) атақтарын кезегімен алған, құран оқи алмаса да, хабарландыруларды оқи білетін, көпшілікке ақсақал басымен бата бере алмаса да, басқа бірдеңе бере алатын айтулы азамат, Нобель сыйлығынан үміткер қазақ.
Болды. Қысқасы, мені ұмытпаңыздар!