Мұхтар ШЕРІМ. ҚАСҚЫРСЫҢ!

Әкім кабинетінде отыр еді, хатшы қыздың қарсылығына қарамай, бір кісі кіріп келіп:

–Сізге өлең оқиын ба?–деп сұрады.
Әкім хх ғасырда өмір сүрген ақын Махамбет Өтемісұлыдан айнымайтын адамға аңтарыла қарады. Сосын иегін сипалап отырып:
–Сіз кімсіз? –деп сұрады.
–Махамбет ақынмын. Менің басымды шауып алған Ықылас сұмды соттату үшін тіріле салып едім. Жәңгір ханға арналған өлеңімді өңдеп, өзіңізге арнағым келеді...
–Шынымен Махаңсыз ба? Төрлетіңіз! –деген әкім орнынан тұра берген еді, ақын өлеңін оқи жөнелді:
–Әкім емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Премьер келіп, табалап,
Елбасы сені басқа ұрсын!
Әкім емессің, ылаңсың,
Ысылдаған жылансың.
Әкім емессің, итсің, 
Билікте жүрген битсің!
Сөйткен өр ақын есікті тарс жауып кетіп қалды. Ашулы ақынға әкім өкпелеп, бір түрлі «нетіп» қалды...

(Суретте өзім. Әнеу күндері қаңтар ортасында 16 градус жылы болған соң, жазды сағынып, есік алдына шығып едім... Аяз келе жатыр дейді ғой...?)



Бөлісу: