Сондай көңілшекпін ғой, күйеуім «туа бер!» дегенге туа беріппін, жөргектерін жуа беріппін, содан алты қызым бойжетіп, тұңғышым Түркияда, түрік жігітіне тиіп кетті, қызымды сағынғанда, екі емшегім иіп кеттті... Одан кейінгі қызым Америкада тістері ғана аппақ негрдің түтінін түтетіп отыр, «Апа, ауылды сағындым!» деп ол да жылауын үдетіп отыр! Одан кейінгі қызым Сирияда күйеуімен қашып жүр, қайтейін, бақыт жоқ, баспана жоқ, қып–қызыл отты басып жүр!
Тағы бір қызым үнді жігітіне тиген, маңдайына қызыл бояу жағып, үстіне шұбатылған мата көйлек киген. Анарым Дубайда, Жанарым бір белгісіз тайпаның көсеміне байға тиіп кеткен. Бүгінде қыздарымыз шетелдіктердің етегінен ұстауды сәнге айналдырып алды емес пе? Кіші қызым қытайлық қысық көзге тұрмысқа шыққалы, шашым ағарып кетті, бір күні «апа үйге келіңіз! деген СМС жетті. Содан күйеуімді қолтығыма қыстырып алып, жо– жоқ, қол ұстасып алып, қытайдағы күйеу баланың үйіне келдік. Обалы не керек, күйеу баламыз құрақ ұшып күтіп алды, қызым көзінің жасын сүртіп алды. Дастарханда отырмыз.
Алдымызға иірілген бірдеңе қойды. Шұжық сияқты. Күйеуіме жеп көру қызық сияқты. Ол енді қолын соза бергенде, қолын қағып жіберіп, қызыма қарап:
–Мынау немене?–деп сұрадым.
–Апа, жыланның етінен жасалған дессерт қой.
–Астапыралла! –деп орнымнан ұшып тұрдым, шынымды айтсам, жүрегім айнып, құсып тұрдым. Жылан күйеуімді шағып алғандай: «Ойбай!» деп қалды. Күйеу балам, бір кезде қағазға оралған бірдеңені ұстатып, қақалған қазақшасымен:
–Апа же же, жаки дәми... –деді.
Күйеуім оралған қағаз ішіндегі қызара қуырылған бірдеңенің бір– екеуін енді аузына сала бергенде, қолын қағып жіберіп, қызымнан:
–Бұл не? – деп сұрадым.
–Ой, апа, мен де үйреніп кеттім, тарақан қой, қуырылған... қытырлақ...
Құдайым–ай, көзімнен жас шығып кетті бытырлап... Күйеуімді құшақтай жылайын. Ол да селкілдеп, еңкілдеп жылап тұр. Ал күйеубала қызымнан: «Бұлар неге дуэт болып жылайды?» деп сұрап тұр. Сол күні ештеңе жемедік. Тіпті: «Қызым, ет асып берші!» демедік. Содан, таңертең асқазанымыз айқайлай берген соң, ас бөлмесіне келдік. Күйеу баламыз тарелкеге бірдеңені былжыратып салып келді. Өзі пісіреді екен. Екеуміз талтайған бірдеңеге бажырайып, алайып, қанымызға қарайып қарадық. «Өкөрөшка» шығар?» деп ойладым ішімнен. Күйеуім тамсанып, былжыраған бірдеңені енді жей бергенінде қызымнан:
–Бұл ненің еті? –деп сұрадым.
–Не ғой...
–Айта бер, асқазанымызда албасты жүр...
–Қорықпайсыз ба?
–Динозаврдың еті болса де жейміз! Аштан өлетін болдық!
–Бұқтырылып пісірілген бақалар ғой...
–Ойбай! –дедім мен.
–Айбай! –деді күйеуім.
Ойбайлап, айбайлап, қайран, қыздары қағынған қазақ еліне, туған жерімізге қашып кеттік.
–Енді қыз тумаспын! –дедім үйге кірген соң қалшылдап.
–Туа алмайсың да ғой... –деп міңгірледі күйеуім. Сөйтсем, өлә, өзім жетпісте, күйеуім жетпіс бесте екен ғой! Астапыралла!