Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира.ЖАЛАҢАШ ӘКІМ (Киімі бар әкімдерге қатысы жоқ...)

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира.ЖАЛАҢАШ ӘКІМ (Киімі бар әкімдерге қатысы жоқ...)
жеке
блог

 

 

 

    Облыс әкімі кабинетінде күрсініп салды. Шалбарының тізесі жыртық. Көстюмі де ескіріп кетіпті. Галстугін айтсаңшы, жүні шығып кеткен... Туфлиінің тұмсығы ашылып кетіпті, одан тарақандар шығып жатыр. Қарны да ашты... Бір үзім нан. Нан ...

   Осының бәрін халықпен арасындағы байланыстың үзілгенінен, алшақтап кеткенінен көрген әкім аудан әкімінің есебін тыңдауға барды. Ол байғұс та әйелінің гамажын кміп келіпті.  Көйлегі үлкен баласының көйлегі көрінеді.  Аудан әкімі есеп беріп жатыр:

–Мен аудан әкімі болған екі жылдың ішінде 120 рет күліппін, 120 рет күрсініппін, 120 рет  халық қамын ойлааап жатыппын. Біздің аудан құдайға шүкір өркен жайып келеді, жыл сайын  алма ағаштар гүлдейді,  жаңбыр, қар жауады, жел тұрады... Биыл 370 рет күн шығып, 370 рет батып кетті. Біздің ауданда жерге талас жоқ, бәрі жер басып жүр. Ұшып жүрген жоқ.  Ауданда 2014  мұса кептер болса, 3000 мыңдай шымшық еркін өмір сүруде. 1 мыңдай қарға рахаттана қарқылдап жүр. Ешкім тиымсалған емес.

–Халыққа қандай жақсылық жасадың, халыққа!

–Облыс әкімі де келіпті ғой, тірідей көргенімізге қуаныштымыз!

–Облыс әкімінің қабылдауына жазылып, кіре алмағаныма жылдан асты!

–Әкім мен халықтың арасына автобуспен де жете алмайсың! Көмекшісі  жазып қояды, бірақ хабарласпайды! Алдайды. Мұндай әкім кімге керек? Халықтың арқасында, халықтан жиналған салықтың арқасында  тоқшылықта жүрсіңдер!

–Халық теріс айналып еді, облыс әкімі мүсәпір күйге түсіпті! Қандай екен?

–Сендер халықтың арқасында әкімсіңдер! Бетпақдалаға әкім емессіңдер ғой?

   Осылай шуласқан жұрт облыс әкімін қоршап алды. «Көстіміңді шешіп алайын, теберік болсын!»– деді бір қария. Шешіп алды. «Көйлегіңді шеш, қарағым, балам сен сияқты әкім болсын!»– деп ыржиды бір кемпір, шешіп алды. Шалбарын да біреу... Тек трусиіне ешкімнің батылы бармады. Мәйкісін де алмады. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші? Тырдай, абыройдан жұрдай әкім! Бүрісіп тұр... Халық қойсын ба, түтіп жібере жаздады.  Оның үстіне, асқазаны ұлып барады.  Қайтсін, 24 мың теңге айлығы қайда жетсін?  Жылағысы келді. Кемсеңдеп... Бір кезде таяғына сүйеніп бара жатқан бір қария дорбасынан жарты нан шығарып, әкімнің аузына тістете салды...

  Артынан бір пышылдаған дыбыс шықты. Қараса, аудан әкімі екен:

–Өле жегенще, бөле жейікшііі...