Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира.

Сіздер мені ақыл–есі «қызметін» ауыстырған екен» деп ойлап қалмаңыздар, шынымен түрмеге түскім келеді де тұрады. Соны ойлап, участкелік инспектордың алдында отырмын.
–2018 жылы, Жаңа жылдан кейін түрмеге түскім келеді, –дедім мен.
–Қандай қылмыс жасамақ ойыңыз бар? –деп сұрады инспектор.
–Қанішер болғым келмейді. Қандай ақыл бересіз?
–Бірдеңең бар ма?
–Менде бар жоғы екі мың теңге.
–Әкел, –деген инспектор ақшамды қалтасына жасырып, есік жаққа жалтақтай қарап қойды.
–Ал, түрмеге қалай түсуге болады? –деп сұрадым мен шын ниетіммен. Инспектор асығар емес. Бір кезде:
–Екі мыңға сотамайды, –деді.
–Не, екі мыңға соттамайды?
–Сен маған екі жүз мың теңге пара бер, сосын түрмеңе бара бер...
–Қызықсыз? Екі жүз мың теңгем болса, түрмеде нем бар менің?
–Түрме сізге ақша үлестіріп береді деп пе деіңіз?
–Жәй... парақор шенеунік Жегішбайды айтамын да. Түрмеде де жағдайы жақсы екен. Евро камера жасатып алыпты. Теледидар, бассейн, биллиард... Күнде ет асып жейді екен. Түрме басшыларымен жақсы тұратын көрінеді. Мен пақырың алақанымнан ұшып кете жаздайтын зейнетақымен қалай күн көрмекпін? Одан да түрмеде шіреніп жатпаймын ба? Евро камерада... Не істесем болады а?
–Мені ұрыңыз! –деді инспектор.
–Е?
–Орган қызметкеріне қол көтергеніңіз үшін оңай сотталып кетесіз.
Тұмсығынан бір періп, төрт жылға сотталдым. Жегішбекпен көрші
камерада тұрамын. Бірақ біздің төрт кісілік камера... Жегенім желім, кезеріп
кеткен ерін... Жегішбай жүдә ұятсыз екен, бір рет те ет асып шақырмады ғой!
Атауыңды жегір!
 


Бөлісу: