Я Алла, жүрген жерлерің гүл болсын, дұшпандарың күл болсын, жүздерің ашық болсын, сендерді алам деген қытайлардың ауыздары сасық болсын, тек қазақ жігіттері ғашық болсын! Көйлектерің кең болсын, сүйгендерің тең болсын, мини юбкелерің ұзарып кетсін, беттерің үнемі ұяттан қызырып кетсін, түнгі клубты қумаңдар, мысық сияқты күл қоқысқа тумаңдар... Күйеулеріңмен пышақтаспаңдар, көңілдес тауып, құшақтаспаңдар, халал, адал келіншек болыңдар, жамандық атаулыға еріншек болыңдар, енелеріңнің басына картоп екпеңдер, былай шыға бере темекі шекпеңдер, өсектен қамыр илемеңдер, тойларда стриптиз билемеңдер, саунада сауық сайран құрмаңдар, ішіп алып төбелесіп, бір біріңді ұрмаңдар, шаш шөп емес, бостан–босқа жұлмаңдар, бай негрге тием деп, сүмірейіп тұрмаңдар, кіндікті көрсетіп жүрмеңдер, сағыз шайнап, ыржалақтап күлмеңдер, әрине, адам болу қиын, қыздарға қырық бір кафеден тиым, аналарыңа елжіреп, иіп кетіңдер, қысқасы, жазға жетпей, шеттеріңнен байға тиіп кетіңдер! Әумин!