Шіренгген шенеунікті тілшілер аноконда жыланы сияқты алды–артын орап алды. Сайдан да, таудан да домалаған тастардай сұрақтар жауып кетті дейсің!
–Қазақтардың латын әліпбиіне көшуін қалай қарсы алдыңыз? –деді бір телеарна тілшісі.
-А?
–Латын әліпбиіне...
-А?
–Қазақ–қырғыз шекарасы туралы ойыңыз? –деп сұрады бір газеттің тілші қызы.
-А?
–Ойыңыз?
-А?
–Сенатордың елімізде ажырасқан ерлі–зайыптыларға үлкен айып пұл салынсын деген ұсынысын қалай қабылдайсыз? –деп сұрады сары басылымның сап–сары тілшісі.
-А?
–Айыппұл дейміз...
-А?
–Кешіріңіз, тілшілерді менсінбей тұрсыз–ау деймін?
-А?
–Сириядағы соғысқа қатысқаны үшін Батыс Қазақстан облысының тумасы он жылға сотталды. Пікіріңізді білгім келеді?
-А?
- Есім, сен қалайсың?
-А?
–БАҚ министрінің заңға «Реми өкіл» ұғымын енгізіп жатқанынан хабардарсыз ба?
- Ал?
–Егер өзгерістер мақұлданатын болса, тілшілерге «а» деп тұрғаныңыз үшін еңбек ақыңыздан қағыласыз! Қызметіңіз бонустық–балдық жүйемен бағаланады!
-А?
–Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысы бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап беру жағдайына байланысты болады деймін!
-А?
-Тас керейнсис емес пе?
-А?
Оқу орындарындағы сапасыз журфактар жойылсын дегенге қалай қарайсыз?
-А?
–Қызық адам екенсіз!
-А?
Топырлаған тілшілер бір –бірінің: «Не деп жатыр?» деген сауалдарына: «А?» деген жауаптар алып, ауыздары ашыла, екпіндері басыла тарасты. Не дейсіз? А?