Мұхтар ШЕРІМ. А?

Мұхтар ШЕРІМ. А?
жеке
блог

 

 

   

 

 

   Шіренгген шенеунікті тілшілер аноконда жыланы сияқты  алды–артын орап алды. Сайдан да, таудан да домалаған тастардай сұрақтар жауып кетті дейсің!

–Қазақтардың латын әліпбиіне  көшуін қалай қарсы алдыңыз? –деді  бір телеарна тілшісі.

-А?

–Латын әліпбиіне...

-А?

–Қазақ–қырғыз шекарасы туралы ойыңыз? –деп сұрады бір газеттің тілші қызы.

-А?

–Ойыңыз?

-А?

–Сенатордың елімізде ажырасқан ерлі–зайыптыларға үлкен айып пұл салынсын деген ұсынысын қалай қабылдайсыз? –деп сұрады сары басылымның сап–сары  тілшісі.

-А?

–Айыппұл дейміз...

-А?

–Кешіріңіз, тілшілерді менсінбей тұрсыз–ау деймін?

-А?

–Сириядағы соғысқа қатысқаны үшін Батыс Қазақстан облысының тумасы он жылға сотталды. Пікіріңізді білгім келеді?

-А?

- Есім, сен қалайсың?

-А?

–БАҚ министрінің заңға «Реми өкіл» ұғымын енгізіп жатқанынан хабардарсыз ба?

- Ал?

–Егер өзгерістер мақұлданатын болса,  тілшілерге «а»  деп тұрғаныңыз үшін еңбек ақыңыздан қағыласыз! Қызметіңіз бонустық–балдық жүйемен бағаланады!

-А?

–Бұдан былай  мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысы  бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап беру  жағдайына байланысты болады деймін!

-А?

-Тас керейнсис емес пе?

-А?

Оқу орындарындағы сапасыз журфактар жойылсын дегенге қалай қарайсыз?

-А?

–Қызық адам екенсіз!

-А?

   Топырлаған тілшілер бір –бірінің: «Не деп жатыр?» деген сауалдарына: «А?» деген жауаптар алып, ауыздары ашыла, екпіндері басыла тарасты. Не дейсіз? А?