Мұхаммеджан Сералин-редактор
Мұхаммеджан Сералин- публицист, қазақты дұрыс жолға салуға, сөз күшімен тәрбиелеуге ден қойған. Бұл- алтын арқау, ел басқару, бастырушы Мұхамметжан Сералиннің тұнып тұрған өнері өз бойынан тарап отыр.
Мұхаммеджан Сералин “Айқап” атты журналы үшін көптеген тер төкті. Журналға мән-мағынасы жоқ мақалалар емес, халықтың тұрмыстық жағдайын ойлап, білімділігін көтеру мақсатында жазбалар шығарып отырды.
Айқап журналында негізінен маңызды төрт мәселе қозғалған. Біріншісі жарық көрген басылымында оқырмандарға арнау сөзімен “Қадірменді оқушылар” - деп бастаған.
Ал, екінші бөлігінде проблемалық мәселелерді қозғай бастаған. Мәселе бұл- жер дауы халыққа түсіндірме ретінде жазылған. Яғни алты алаштың баласына егін шаруасына қолайлы жерлеріне қала салуды қуаттап,халыққа шамасы келгенше түсіндіру болды.
Үшінші мәселе, оқу һәм оқыту хақында. Халықты барынша білімді болуға шақырған.
Төртінші, қатын-қыздарымыздың кемшілікте тұрғандарын халыққа ескерту.
Сонымен қатар, Мұхаммеджан Сералин халықтың сөзіне қатты көңіл бөліп, құлақ асып отырған.
Мұхаммеджан Сералин өз мақалаларында қазақ арасында оқу-білімнің өрістеуіне отырықшылық тікелей әсер етеді деген пікірді ұстанған. “Россия мемлекетінде бақытты болып тіршілік ету үшін ғылым, өнер керек, орысша тіл білу керек. Бұларды білу үшін мектеп һәм школ керек болатұғын болса, әлбетте, мұндай істерді 4-5 үй біріге отырып істеп шығару мүмкін емес. Бұған қала болып жиылудан басқа ем жоқ” - деп, ағарту саласындағы жетістікке жету үшін, қазақ қауымы бас қосып қала салу қажеттігіне көпшіліктің көңілін аудартқан.
Қорытындылай келгенде: Мұхаммеджан Сералин журналда жарияланған публицистикасында қоғамдық маңызы зор мәселелерді жан-жақты қамтып, қазақтың мақал-мәтелдерін қолдарып, керемет түйінді ойлармен өз ойын біріктіріп, көпшілікке түсінікті тілімен, басты идеяларды нақты жеткізе білген және қазақ публицистикамыздың ұлттық тілімізде қалыптасуына зор үлес қосқан.
Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті
журналистика факултетінің
1курс студенті
Онғарбаева Аружан