Мұхамеджан Сералин – редактор, қазақ журналистикасының атасы

Мұхамеджан Сералин – редактор, қазақ журналистикасының атасы
жеке
блог

Мұхамеджан Сералиннің өмірбаяны жайлы бәріміз хабардармыз деген ойдамын. Ал енді оның өмір жолындағы атқарған қызметтері жайлы айтып өтсек.

1911-1915 жылдар аралығында редактор Троицкіде «Айқап» журналын ашқан болатын. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды» - деседі. Бұл журналда төңкеріске дейін басылған, бірақ, жарық көрмеген 40-қа жуық мақалаларды жазады.

Кейінгі 1919-1920 жылдары - «Ұшқын» газетінде өз жұмысын жалғастырды. 1921-1922 жылдары - Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1922-1923 жылдары Қостанай губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары болса, 1923-1926 жылдары - Ауыл газетінің редакторы қызметтерін атқарған.

«Айқап» журналының бірінші редакторы, облыстық газеттің негізін қалаушылардың бірі, бүгінде ол «Қостанай таңы», әйелдер теңдігін, білім беруді, отырықшы өмір салтын насихаттаушы журнал. Ұзақ уақыт бойы Мұхамеджан Сералин туралы мәліметтер аз болды, тек 60-шы жылдары оның балалары мен туыстарын, ол туралы материалдарды, оның өмірін іздеу басталған болатын.
1903 жылы жазылған «Топжарған» тарихи - реалистік поэмасы 1907 жылы Троицкіде жарық көрді. Онда Мұхамеджан Сералин 30-40 жылдары Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар басқарған ұлт-азаттық көтерілістің эпизодтарын шебер суреттейді.

Мұхамеджан Сералиннің ақын ретіндегі зор еңбегі қазақ әдебиетінде сюжеттік поэма жанрын бекітумен байланысты деседі. Мұхамеджан Сералин өз заманының алдыңғы қатарлы зиялыларының өкілі, демократ - ағартушы ретінде қоғам дамуының заңдылықтарын және халық үшін білім мен мәдениеттің қажеттілігін түсінді.

1926-1928 жылдары М. Сералин сал ауруына шалдығып, өз ауылына оралуына тура келді. Бірақ, ол қазақ халқына қызмет етуді жалғастырады. Атап айтсақ: Ақсор ауылын құрады, онда мектеп, клуб, монша ашады, су қоймасын ұйымдастырады, ағаш отырғызады және жеміс өсіреді. Мұхамеджан жаңа ауыл мәдениетінің үлгісін көрсетеді. Бұл туындылардың іздері бұрынғы елді мекеннің орнында әлі де сақталған. Белгілі редактор, қазақ журналистикасының атасы 1929 жылы мамырда өмірден өтеді. Қазіргі таңда, Қостанайда оның есімімен аталатын көше, ал Үрнекте - мектеп бар.

2005 жылы 22 қыркүйекте Қостанай облысы Қарабалық ауданының орталығы Қарабалық алаңында Мұхамеджан Сералинге арнап ескерткіш ашылды. Бұл ескерткіш ҚР Суретшілер одағының мүшесі Б.Ж.Баталованың жұмысы болып табылады.
Орыс ойшылы В. Белинский: «мен журналда дүниеге келдім, журналда өстім және журналда өлуді армандадым», - деді. Мұны Мұхамеджан Сералин де айтса артық болмас, өйткені оның бүкіл өмірі журнал мен газетте өткен еді.

Сейтқасымова Самал Саматқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің студенті