Мұхамеджан Сералин-редактор

Мұхамеджан Сералин-редактор
жеке
блог

Тарихы тереңге жайылған Қостанай облысының тумасы, өңірдің  шоқ жұлдызы,қазақтың дара жазушысы әрі публицист Мұхамеджан Сералинге арнап қалам тербемеу мүмкін емес. Қожаның қара баласы болып дүниеге келгенімен, халқының арқасында журналистиканың атасы атанды.Буынын Троицктегі медреседен қатайтып,шыңдалуды Қостанайдағы орыс-татар мектебінен жалғастынған болатын.Барлық білімді өн бойына емес,халықтың санасына бекітуді мақсат етті. Қазаққа сіңірген ерең еңбегі мен болашақ жастарға азық болатындай шығармаларының арқасында редактор деген атаққа да ие болды.

    Редакторлық жолы қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған тарихы тереңдегі ізгі журнал «Айқаптан»  бастау алды. 40 астам мақаласы жарық көріп, оқырмандардың да жүрегінен орын алып, махаббатқа бөленгені хақ. Ең бастысы көтерген тақырыптары сүйегіңді сырқыратып, өне бойыңды шымырлатып жібереді.Жазуға деген осындай машықтық «Елім»-деп шырылдаған жүректен шыққан асыл үн іспетті.Оған қоса,«Ұшқын»,«Ауыл»,«Еңбекші қазақ» тәрізді газеттерге де жұмыс жасаған рухани бай, ірі тұлға. Қалам тербеткен мақалалары саясат пен мәдениеттің ауылынан алыстамайтын. Сондағы бар мақсаты, халыққа ащы шындықтың майын тамызып, түсін түстеп көрсету.Дәлел ретінде, Қ. Ыдырысовтың «Ұлт тарихындағы ұмытылмас есім» атты мақаласындағы пікірін алсақ болады: Еліміз тәуелсіздік алып, ұлтын егемендікке жеткізу жолында құрбандықта болса да, ар жолынан таймай беделін биік, абыройын жоғары ұстап, халыққа қызмет етудің үлгісін көрсеткен әрбір Алаш азаматы өмірінің мемлекетіміз үшін қайталанбас құндылық болып табылатынын түсінуіміз және М.Сералин шығармашылығын зерделеуге жете мән беруіміз керек деп өз ойын білдіреді.

    Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.»-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, Мұхамеджан Сералин  жай редактор емес, сыншыл редактор. Дауылдатып әкеліп жазған әр мақаласы түсінген сананы бірден жаулап алатын. Осындай даралығымен ел санасында мәңгі сақталары анық!   

Ақсая Муттахайқызы

Әл-Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық Университетінің

студенті