Бүгін ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының қоғамдық өміріндегі көрнекті тұлғалардың бірі, ақын, ағартушы, журналист, ұстаз- Мұхамеджан Сералин жайлы сөз қозғамақпын.
М.Сералин өз заманының озық ойлы зиялы қауымының өкілі, демократ-ағартушы ретінде қоғам дамуының заңдылықтарын түсініп, халыққа білім мен мәдениеттің қажеттігін түсінді.Сол себепті, Мұхамеджан өз редакторлық қызметінде қазақ қоғамында кем-кетік және журнал атауында айтылғандай “Ай, қап!” дейтіндей өкінетін ахуалдарды тілге тиек етіп, сыни мақалаларды батыл түрде жариялағанды жөн көрген.
Тамырын тереңге жайған тарихқа үңілер болсақ, қазақ қоғамындағы редакторлық қызметте болған ұлт зиялыларының бастаушысы Мұхамеджан Сералин десек артық айтқанымыз емес.
Қазақ әдебиеті төрінен ойып тұрып орын алған “Айқап” журналының төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақаланың басым бөлігінің мән- мазмұнына ден қоятын болсақ, аталмыш тұлғаның ел қамын ойлап, халық санасын ояту үшін ағартушылық іс атқарып, қиыншылыққа қарамастан көп еңбек еткені баршаға мәлім.
Сол кездегі орыстандыру саясатының кедергілері мен аяқтан шалуына қарамастан, асқан шеберлікпен өзекті мәселелерді атай отырып, өжі бас болған көптеген газет-журналдардың қалың бұқараға жол тартуын қамтамасыз ете алды.
Қазақ әдебиеті сахнасының редакторлық қызметіндегі аса көрнекті тұлға халық жадында да, ұлт санасында да Мұхамеджан Сералин болып қала бермек!
Жігер Маметай
Әл- Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университетінің
Студенті