Мұғалім - мәртебелі мамандық

 

Ұстаз белгілі де,кемеңгер ұлы тұлға. Бұл мамандықты бірі жасай алса ,бірінің қолынан келмейді. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы демекші,мұғалім мамандығы қазіргі таңда ең өзекті әрі қажет мамандықтардың бірі болып саналады. Ұлы адам,атақты жұлдыз,белгілі ғалымдар бәрі  осы ұстаздардың еңбегінің жемісі мен дәлелі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішіндегі жан жақсы білімділігі,икемділігі,аса қамқорлықты және адамгершілікті көрсететін және қажет ететін мамандық дәл осы мұғалім мамандығы. Әр адамның біліктілігі,тәжірбиелі болуы осы мамандықпен астаса орналасады.

Мұғалімдер күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес болашаққа бағдар бере алатын , адамзаттың алға қойған болашағына сеніммен қарата алатын кемеңгер тұлға. Оқушы жүрегі кішігірім күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Әр мұғалімнің қолында сол кілт тұруы керек деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай әр оқушының жүрегіне жол табу оқушы бойындағы дарын мен талаттылықты ашу ұстаздың басты міндеті болып табылады. Сондықтан қазіргі заманғы мұғалімдер ізденуші , зерттеуші, өнертапқыш және шығармашылықпен айналыса алатын жаңашыл болуы керек деп ойлаймын. 21- ғасыр білімділер ғасыры дәл осы кезде бұл мамандықтың маңызы зор екенін көруге болады. Ұстаз ол Абай атамыз айтқандай ыстық қайрат ,нұрлы ақыл,жылы жүрек иесі. Сондықтан бүгінгі ұстаз оқушыларға белсенді әрекеттер жасауға, ойлауға,сөйлеуге сонымен қатар талқылауға және пікірлесуге баулуы қажет. Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтқандай жай мұғалім хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді,ұлы мұғалім шабыттардырады деп айтып кеткен екен. Ұстаз білімге шығатын жолды нұсқаушы сонымен қатар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра отырып ізденушілігіне зер салатын белгілі тұлға.  Оқытушы мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен іс-қимыл әрекетіне әсер етуші және білім нәрін сеуіп нұрландыратын тынымсыз жан.

Ұстаз шәкірттерге сабақ берумен ,білім үйретумен шектелген маман иесі емес, ол шәкірттердің алдағы өмірін көз алдына келтіріп өз басынан кешірген тәжірбиесіне сүйеніп,келешекте жақсы өмір сүруіне сақтандыратын қорғаушысы деп Ж.Аймауытов баға беріп кеткен екен.

Қорыта келсек,елбасымыз айтқандай қазіргі заман талабына сәйкес еліміздің ертеңі мен болашағы жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры осы ұстаздардың қолында екенін  айтып өткен. Сондықтан қазіргі таңдағы жаңашыл мұғалім қажырлықпен және табандылықпен жұмыс жасауы қажет. Өйткені ұстаз болашақтың айнымас айқын тұтқасы. Және бұл сала мамандықтарын құрметтеу біздің міндетіміз.



Бөлісу: