“Мұғалім” журналы

“Мұғалім” журналы
жеке
блог

“Мұғалім”— қоғамдық саяси, ғылыми – педагогикалық және әдеби журнал. Журнал жиырмасыншы ғасырдың бірінші ширегінде Бөкей облысында “Дұрыстық жолы” газетімен қатар шығып отырған.

 Бұл әдеби журналды таратушы ұлт істері жөніндегі халық комиссариятының Бөкей облыстық бөлімшесі, редакторы Ғабдолғазиз Мұсағалиев (Ғ.Мусин) еді.

 Журналда бірнеше хабар бөлімдері болған олар: саясат, педагогика, ғылым, шарушылық, әдебиет және жергілікті хабарлар. Журналдың 2-санында немістің атақты философтары К.Маркс пен Ф.Энгельстің өмірбаяндары мен шығармашылықтары аударылып бастаған. Ең алғаш 1919 жылы журналдың 15 шілдедегі 7-санының бірінші беті Абай Құнанбайев атамыздың махаббат туралы бір шумақ өлеңімен ашылған. Журналдың әдебиет және саяси бөлімдерінде жарияланған мақала әңгімелер сол кездегі қоғамдағы кез келген адамды қынжылтпай қоймайтын еді. Әдебиет бөлімін айта кетсек З.Зұлқайыровтың “Құдалық” әңгімесінде өзге елдердегі қыз бен жігіт бірін-бірі сүйіп қосылатындығы, қазақтың әділетсіз құдалығы, Кеңес одағы тұсында жойылып қыз бен әйелдерге шын бостандық берілгендігі жайында айтқан болатын.

«Мұғалім» журналы оқу ағарту ісінде елеулі еңбек етті. Оған дәлел ретінде «Жігер» атты қазақ жастарының жігерлі ұйымын айта аламыз. Аталмыш ұйым белсенділері қарапайым халыққа қара танытып, көзі ашық көкірегі ояу ұлт қалыптастыруға қадам жасады. Соның ішінде, неше түрлі пайдалы баяндамалар жасап, курстар ашып, қазақ тіліндегі кітаптар тарата кітапхана жұмысын жандандырды.

Онымен қоса жастардың спектакль қойып, кино көрсетіп, музей, музыка мектебін ашқанын елеусіз қалдыруымызға болмас.

 Осындай тарихта ойып тұрып орын алған басылым, бүгінге дейін өз жалғасын тауып, озық ойлы оқырманына қалтқысыз қызмет етуде.

 

Бекарыс Серік

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті