"Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады"

"Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады"
жеке
блог

Студенттердің педагогикалық практикасына ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің, "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының 2-курс студенттеріне П.Т.Медетбекова жетекшілік етуде.

      Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Каумбаев Сунатулла Абдуғаниұлы студенттердің педагогикалық практикасының сапалы өтуіне ерекшк көңіл білуде. Мектеп-лицей оқушылары қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін меңгеруі жоғары деңгейде екен.

     "Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады" деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқанындай осы мектептегі мұғалімдердің ізденісі шығармашылық деңгейде өткізген сабақтары арқылы байқалды.

       Сабақ процесі кезінде мұғалімнің оқушыларды заманауи жаңа оқыту әдістерімен оқуға ынталандыру мақсатындағы  шығармашылық әрекеттерін көзбен көріп, көңілге тоқыған студенттер практика жетекшісі және пән мұғалімдерімен бірге қатысқан әр сабақтарына талдау жүргізуді үйрену үстінде. Сонымен қатар пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің оң тәжірибелерімен танысып, оқу-тәрбие үрдісін зерделеуге талпыныс жасауда.

       Педагогикалық практика – әр студенттің болашақ мамандығының қыр- сырына қанықтыратын қадам.

       Сондықтан кәсіби шеберлігі мен кәсіби құзіреттілігі жетілген маман даярлауда педагогикалық практиканың маңызы өте зор.