«Мүдде бір , талпыныс ортақ» атты интеллектуалды сайысы


    Қарашаның 2-жұлдызында Астана қаласы «Алматы» бизнес орталығында қалалық "Мүдде бір, талпыныс ортақ" атты интеллектуалды сайыс өтті. Елімізді паналаған ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту,тарихымызды дәріптеу, дүниетанымдық көзқарасты кеңейтумақсатында өткізілген бұл шараға Астана қаласының іргелі жоғарғы оқу орындарының пікірсайыс клубтары қатысып, өз білімдерін көрсетті.Үш кезеңнен тұратын аталмыш сайыс барысындалогикалық, сондай-ақ тарихқа, әлемдік оқиғаларға қатысты әр түрлі тақырыптағы сұрақтарға  сүрінбей жауап беріп, финалға ЕҰУ «Жеті Жарғы» ПК мүшелері мен NazarbayevUniversity «Номад» ПК топ жарып шықты. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі орынды «Парасат» ПК, ІІ орынды білімділігі мен бірлігі арқылы көрінген «Номад» ПК, І дәрежелі орынды, бас жүлде – кубокты  «Жеті Жарғы» ПК иемденді. Жүлдегерлер дипломмен және бағалы сыйлықтармен, қатысушылардың барлығы дерлік арнайы сертификаттармен марапатталды.

    Аталмыш брейн-ринг сайысын ұйымдастырушылар: "Жария" халықаралық орталығы" қоғамдық қоры, Қазақстан Халқы ассамблеясы мен «Астана қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ, ИДК "Оратор" интеллектуалды пікірсайыс клубы. Шараға ерекше қолдау көрсеткен   «Нұр Отан» партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалы «Жас Отан» ЖҚ журналистика және саясаттану бастауыш партия ұйымы.



Бөлісу: