Еліміздің танымал әншісі Мәдина Сәдуақасова Наурыз мейрамын өзге мерекелерге қарағанда ерекше қастерлейді. «Қай қалада, қай елде жүрсем де ет-жақындарым мен достарымды міндетті түрде құттықтаймын», - дейді әнші. «Осыдан бірнеше жыл бұрын мен Голландиядағы Амстердам қаласында Наурыз мейрамын қарсы алдым. Елдің қадірін жырақта жүргенде сезінесің. Сол кезде дәстүрге айналған наурыз көжені аңсап, бауырсағымыздан ауыз тигім келіп, қазағымды сағынғаным бар», - деп Мәдина Сәдуақасова бір кездегі гастрольдік сапарын еске алды. Негізінен, жылдағы әдеті бойынша әнші наурыз көжені әжесінен қалған мәзір бойынша пісіреді екен. Бірақ биыл ол наурыз көже дайындамайды Өйткені ол Наурыз мерекесін Шымкент қаласында қарсы алып, оңтүстік өңірде мерекенің көрігін қыздырып, әннен шашу шашпақ. «Жаңа жыл барша халқымызға жақсылық, молшылық әкелсін!- деп Мәдина Сәдуақасова
https://1tv.kz/kk/news/culture/19032012/madina