Міржақып Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» мақаласы

Ресей боданында жүрген жылдарда қайран қазағымның басынан не өтпеді?!Ресейдің езгісіне түсіп, өз жерімізде өзіміз тұра алмайтындай дәрежеге жеттік.Сол кездерде елім деп еңіреген, қараңғы қазақты оянуға шақырып, газет беттеріне ашына мақалалар жазып, жалынды жырларымен ұран тастаған  ұлт зиялылары баршылақ еді.Солардың қатарында баршамызға белгілі ақын, жазушы Міржақып Дулатовта болды.

    М.Дулатов «Серке» газетінде  Арғын деген бүркеншек атпен жазған «Біздің мақсатымыз» деп аталатын мақаласында қазақ халқының өз жерінде қор болып жатқанын күйіне жазып қана қоймай сонымен қатар қазақ жеріне Ресейден көшіріліп, өз елінде, өз жерінде қазақтарды аяусыз ұрып-соғып, бар дүние мүлкімен қоса малдарын да тартып алып жатқан орыс мұжықтарының неге Қазақстанға көшіріліп келіп жатқанының себебін де жазған еді. Мақалада ащы шындық жазылғаннан кейін бе әлде басқа себеппен пе осы мақаладан кейін патша үкіметі бұл газетті жаптырып тастаған.

   Білдей бір газетті жаптырып тастайтындай бұл мақалада не жазылаған? М.Дулатов өз мақаласында орыс мұжықтарының қазақ даласына алынып келу себебі, алып Ресей Империясының шұрайлы жерлерінің бәрін орыстың ауқатты адамдары, яғни, байлармен дворяндар иелігінде екендігі, ал олардың жерлерді өліп кетседе тегін бермейтінің, ішерге тамақ таба алмай отырған мұжықтардың ол жерлерді алуға шамалары жоқтығы мен мұжықтардың саны күннен күнге өсе бергенімен Ресейге тигізетін пайдасы болмағаннан кейін билікте отырғандар олардан құтылудың амалын осылай тапқандығы айтылған еді.Бұдан бөлек «Біздің мақсатымыз» мақаласында орыстардың шектен шыққаны соншалық дініміз бен некеге араласа бастағаны, жерімізді әр түрлі иеліктерге бөліп тастап, елінің еркіндігін қалаған қаншама азаматтарымызды жазалап, түрмеге жауып, тіпті атып тастағандарын және тағыда басқа маңызды мәселелер жайында жазылған.Бір сөзбен айтқанда Дулатов өз мақаласында патша үкімтенің жоспарын ашық айтқан болатын.Міне, дәл осы себептенде «Серке» газеті жабылған еді.Бұның бәрінен Ресей Империясының қазақ деген елді барынша жоюға тырысып,өз отарында мәңгі қалдырмақ болғанын байқаймыз.

  



Бөлісу: