Мойындау

Мойындау
жеке
блог

 

 

Ұнамай барады ісім кей,

Сергелдең ететін сөзге ердім.

Өзімді отырмын түсінбей,

Мүмкін мен ғашық боп өзгердім.

 

Арманым кеткен бе жырақ боп?

Неліктен көрсетті дала наз?

Бейкүнә жүректе сұрақ көп,

 Алайда берілген жауабы аз.

 

Қайтейін, сорлады пешене,

Жаралы жанымның жоқ емі.

Шыққым да келмейді көшеге,

Қасымда сен жоқсың себебі.

 

Мазалап қояды жиі арым,

Білмеймін не болад арты оның.

Әр түрлі ойларды жиямын,

Тұрақ қып қиялдың балконын.

 

Алда тұр сағыныш шыңы әлі,

Қызғаныш қарайды ұрсып тік.

Сезімнің таусылып шыдамы,

Қырсыққа көрсетті-қырсықтық.

 

Уақытым түзетер қәтемді,

Әлем де өзіңсіз тар маған

...«Сүйемін» деп айту жат енді,

Бұл сөзді айтуға арланам.