Мотивация әлде дисциплина ?
блог
Мотивация адамдарға әрекет істеуге шабыт сыйлайды. Сіз бір фильм немесе кітап оқып мотивация ала аласыз.Ол сізді белгілі бір арман,мақсатқа жетелейді. Алайда мотивация тұрақты емес, бұл құбылыс әрдайым сізбен бола бермейді. Адамдардың айтуы бойынша мотивация оларға 1 күн немесе 1 апта ғана жұмыс жасайды. Кейде сізде түннің бір уақытында өмірге қатты шабытыңыз ашылып кетіп,ал ол шабыт азанда мүлде жоқ боп қалатын кезеңдер болған шығар.Олай болуының басты себебі сізде дисциплина болмауы.
Мүмкін сіз бұл сөзбен таныс емес шығарсыз. Дисциплина дегеніміз тәртіп. Яғни өзіңіз жетістікке жеткіңіз келетін армандарға нақты жоспар, талап, қағида қоюыңыз. Мысал айтар болсақ, сіздің күнделікті ерте тұруыңыз. Егер сіз осы ерте тұруды қолға алып, дисциплинаны ұстансаңыз кемінде 1 айдан кейін ерте тұру сіз үшін әдетке айналары сөзсіз.
Дисциплина және мотивация сіздің жетістікке жетуіңізде маңызды құрал болады. Екеуі әртүрлі түсінік болғанымен, екеуініңде мақсаты бір. Ол сізді жетістікке жетелеу. Мотивация сізге энергия және шабыт сыйласа, ал дисциплина сіздің іс әрекетіңізге тұрақтылығыңызды қамтамасыз етеді.
Мына сөзді ұмытпаңыз. Мотивация біткен жерде іске дисциплина көшеді.