Ғаламторда жасөспірімдерді 50 күннің ішінде өлтіріп тынатын топтар қызу талқыға түсуде. Өз-өзіне қол салуға әкелетін ойын еліміздегі ата-аналардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Бұндай секталар бүгінде әлеуметтік желілерде ойын ретінде таралуда. Қазіргі кезде жас буын ашуланшақ, өте қызуқанды болып келеді. Қит етсе өз өмірін қиюдан тайынбайды. Міне осындай жүйкесі сезімтал жасөспірім бұндай ойындарға тез қызығушылық танытады. Ойын туралы толығырақ айтсақ қалай шақырады, ойын қалай өрбиді, өлімге қалай итермелейді? Алматы қаласынң тұрғыны өз қызынан қол тамыр жарақатын байқап қалады, сөйтіп қызын сұрақ астына алады. Бірінші олар "Вконтакте" желісінен достық жіберіп, кейіннен жеке хабарлама жібереді. Хабарламадан соң, ол ойланбастан қауіпті ойынның мүшесі болып шыға келген. "Мен сенің жеке китіңмін. Ойын ойнайық" деген хабарламалар бірінен соң бірі келді. Шарт бойынша, ол тапсырма береді. Оны орындап, күнбе-күн фото, видео түрінде есеп беріп отыруы керек. Егер ол ойынға кіріп кейіннен айнып қалсаң қандай да бір сайт жібереді, ол сайтта сен туралы барлық ақпарат берілген. Тапсырманы орындаудан бастартқан жағдай да олар туған туысыңды өлтіреміз деген қоқанлоққы жасайтын көрінеді.
Қатысушының өз-өзіне жарақат салуы 50 күнге созылатын ойынның бастамасы ғана. Ал соңы суицидпен аяқталады. Жеңіс те осы екен.
Талай ресейліктің өмірін қыршынынан қиған ойын біздің елде де етек алып барады. «Инстаграм» мен «Вконтактедегі» суицидке итермелейтін қай топты ашсақ та, белсенді қазақстандықтар толып жүр. Кейбір жасөспірімді топ жетекшілері шақырса, кейбірі қауіпті ойынға өздері қызығады екен.
Жастарды «Тихий дом», «Море китов» деп аталатын ойындарға тартатын топтардың санында да шек жоқ. Кейбірінде суицид туралы ашық жазылады.
"Ойынға негізінен 9-13 жас аралығындағы жеткіншектер тартылады. Дәл осы кезде олар өте ерме болады. Ұйымдастырушылар психологиялық тұрғыда әлсіз балалардың жанды жерінен ұстай біледі", - дейді психология ғылымдарының докторы Раушан Кәрімова.
Былтыр депутаттар 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге кіруіне заңмен тыйым салу туралы бастама көтерген болатын. Бірақ ондай шара әлі қабылданған жоқ.
Әдетте дүкенге нан алып келуге жұмсасаң бармайтын балаларды қалай өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді екен, қызық? Сақтансаң сайтаймын демекші балаларыңыздың бос уақытта не істейтінін қадағалап, көп көңіл бөліп, олармен жиі қыдыруға тырысыңыздар! Ойыннан от шығады.