Моноподтың құдыреті

Осыдан бес жыл бұрын ғана бүгінде бар сан түрлі заманауи гаджеттердің болатынын ойламайтын да, білмейтін де, болжамайтын да едік. Ал ондайдың сантүрлілігі күннен күнге артып барады.  Негізі өзін жақсы көретін адамдар күніне 50 мәрте өзін-өзі суретке түсіретін көрінеді. Осындай суреттердің басым бөлігі өзін-өзі  түсіру. Яғни, «селфи» жасап түсірілген кадрлар. Осы термин қазіргі таңда қанатын көкке көтеруде. Селфи жасау үшін елімізде арнайы құрылғылар да пайда болып жатыр. Оның аты – монопод. Қазіргі жастар мен аса жас еместердің арасында  үлкен қолданысқа ие қосалқы жаңалық – монопод.

Ол – фототүсірілмге арналған штативтің бір түрі. Бірақ, қарапайым үш аяқты штативтен айырмашылығы моноподтың аяғы біреу ғана. Және оны адам міндетті түрде қолында ұстап тұрып пульт немесе арнайы тетікше арқылы басқарады, яғни суретке түсіреді. Монопод смартфонның фронтальды камерасы арқылы бір немесе екі емес, ондаған адамнан құралған топтарды бір кадрға сыйдыруға мүмкіндік беретін құрылғы. Сондықтан да, зымыраған заман үшін таптырмас қызық.

Деректерге сүйенсек, монопод туралы 1995 жылы Жапония басылымдарының бірінде жарияланған. Және де моноподтың 100 – ден астам түрлері де бар екен. Жапондардың ойлап тапқан моноподтың арнайы селфи түсірілімі үшін ойластырылған. Тіпті оның екінші әзілкеш атауы – селфи таяқшасы.  Аталмыш зат Қазақстанға келгелі үлкен сұранысқа ие. Сұраныс бар жерде, қолданыс бары мәлім. Жұлдыздар да осы тұста қалыспайды. Мысалға, жас талантты фотограф Мақсат Тұрсынбайұлы «ТМАХ»  түрлі үлкен жұлдызды жиындарда, арнайы отырыстарда да дәл осы моноподты қолданады.



Бөлісу: