Моңғолиядағы қазақ мектептері

Қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып жүрген елдердің бірі- Моңғолия. Мұнда мектеп қабырғасындағы пәндер 11 сыныпқа дейін қазақ, ағылшын, моңғол тілдерінде өтеді. Бұл жайында ежелгі тегі қазақтан шыққан қандасымыз Марат Ангелина сұхбат берді.

Ангелина- Моңғолияның Бай бесік, Бай өлке атты жерінде дүниеге келген. Кезінде ата- бабасы сол маңдарға қоныс аударған. Жүрегі қазақ деп соққан қаракөзіміз оқушы кезінде де қазақша білім алған. Оның айтуынша, Моңғолияда оқушылар 12 жыл білім алады. Ангелина білім нәрімен сусындаған қара шаңырақ 11 сыныпқа дейін оқытылатын пәндердің дені қазақ тілінде болса, 11-12 сыныпта тек моңғол тілінде болған. Өйткені мектеп бітіруші түлектер арнайы емтихан тапсырады. Бұл мектеп ошағында қазақ тілі де, қазақ әдебиеті де тереңдетіліп оқытылады. 18 жыл бойы бір рет болса да ата- бабасының кіндік тамған жеріне барып көрмеген қандасымыз үшін бұл- үлкен мәртебе болатын. Көшеде де, мектепте де қазақша сөйлейтін құрбы- құрдастырымның қасында өзімді жақсы сезінетін едім»,- дейді Ангелина.

Ал қазіргі таңда Отанға деген ыстық махаббатының ұшқын отын сезініп, сағынышын басып кейіпкеріміз Қазақстанға келді. Білім тұңғиығындағы кемеңгер жолын қазақ тілінде жалғастырамын деген ой болған. Ангелина- Еуразия Ұлттық университетінің журналистика факультетінің 1 курс студенті. Тек Қазақстанға келіп ғана қоймай, халықтың құлағы мен үні болатын журналистика саласын таңдағаны – көңіл қуантарлық жайт. Отанының қара топырағын алақанына басып, самал желімен тыныстаған Ангелина- бақытты. Бұл да бір қазақ халқының, қазақ тілінің құдіреттілігі дерсің.

 



Бөлісу: