Мөлтек сыр

Соңғы кездері дәптер менің адал досыма    əрі сырласыма айналды. Қаламымның сиясы біткенше  бар құпиямды, ішкі жан сырымды ақтаруға тырысамын. Менің сондай досымның болғанына қуанамын.  Себебі, дәптерді адаммен салыстыруға да келмейді. Дос деп барлық  сырыңды ақтарған адамың сенімсіз болуы мүмкін. Ал дәптер сенің сеніміңді  мүлтіксіз ақтайды. Оған баяндағанның бəрі екеуара қалады. Өз басымнан өткендіктен болар, адам затына сенуден қалдым. Менің жақын, жадымда ерекше орын алады деген адамдардың өзі бетіме күле қарап, артымнан өзгеше пікір қандыратыны қатты қынжылтады. Қуанған шағымда бөлісіп, қиналған сəтімде қолдау болады деп сенген жандар із-түссіз ғайып болуда.  Бұл сөзіме арқау болған бірден-бір жəтті баяндайын. Бір күні денсаулығым сыр беріп, талып қалған болатынмын.  Сол кездегі жағдайымды білсеңіздер?! Жоқ,  денсаулығымдағы кінәрат емес, жүрегіме оқша қадалған құрбыларымның, ұстаздарымның  ең-ең деген жандардың сөздері жүрегіме сыз қалдырды. Олар: "Өтірік құлап, жылап білгенін істеді ",-деген сөздері... Əлі де түсіне алар емеспін, адам қалай өтірік есінен тануға болады? Қандай адам ондай екіжүзділікке барады?!  Ең қызығы,осы сөздерді өз құлағыммен естігенім,  содан кейін олардың жалтаруын есту мүлде күлкілі жағдай. Бірақ, осыны маған əдейі  жібергендей болады. Қасыңда жүрген адамдардың қандай екенін көрдің бе, басыңа тиді ме деген ойлар келеді. Бір жағынан осылай болғанына қуанамын. Əрі қарай сол адамдарға сеніп, достық қарым-қатынасты ары қарай жалғастырғанда бұдан да бетерін көрер ме едім, бәлкім?! Оларға деген сəлемім түзу əрине, адамгершіліктен аспаймын, алайда, жүрегімдегі дақты өшіре алар емеспін. "Сөз сүйектен өтеді" деген. Менің дəл қазіргі жағдайым осы сөздермен тікелей байланысты. Осы орайда достарыңыздың  адал болуын тілеймін. Бірақ, əр нәрсеге де күдікпен қараңыздар.



Бөлісу: