Мөлдір сезім
блог
Мөлдір сезім
Сүйем сені,ұмыта алмай қиналам,
Өтірікке толып тұр ғой айналам,
Неге ғана шықпай қойдың есімнен,
Осы екен ғой өмір жолы бұралаң.
Келбетіңді елестетем көп жерден,
Бұл өмірде шын сүйгендер бар ма екен?
Ұмытып ем,қайта түстің есіме,
Сені қайта ұмытар бар ма дәрмен?..
Сенің көзің мен үшін жұмақ
Көздеріңе қарай алмай жасқанам,
Кейде,кейде боласың сен басқа адам,
Бір өзіңе қалай ғашық қылдың сен?
Сені тек бір көргеніме жұбанам.
Білмейсің сен,сезбейсің сен,қайтемін?. .
Білмесең де, сезбесең де, көнермін,
Жүрегімнен өшірсем де атыңды,
Елес болып тұра берер көздерің...
Ұмытқым келеді,ұмытқым келеді бәрін де
Ұмытқым келеді,ұмытқым келеді бәрін де,
Бірақ тағы ойладым сені бүгін де.
Енді маған жұмақ емес сенін көзің де,
Ұмытқым келеді,ұмытқым келеді бәрін де...
Сүйiп ем сені,сен бірақ мені түсінбедің?
Сүймесен мені,амал жоқ,енді қайтемін?.
Сен мені ұмыт,мен де сені ұмытқам,
Бір күні мұны еске алып,бәлкiм күлермін...
Айдархан Гүлбақыт