Мінсіз ғұмыр жазылмаған маңдайға...

Мінсіз ғұмыр жазылмаған маңдайға
пенделік бар жығылатын ырқына
мың жұлдыздан бір жұлдызым жанбай ма
күтіп жүрмін сол мезетті ынтыға

күтіп жүрмін ақ кемесін арманның
көрінбейді жағалаудан, жырақта
біле тұра бес күндігін жалғанның
үміт үзбес мендік жүрек бірақта...



Бөлісу: