Мінсіз болса да, жүрекке әмір жүрмейді екен,,,

Мінсіз болса да, жүрекке әмір жүрмейді екен,,,
жеке
блог

Армандаймыз, тілейміз, қалаймыз, іздейміз.... "Ойымдағыдай болса екен, қалағанымдай болса екен, арманымдағы адамға ұқсаса екен!" дейміз. Солай ғой, қыздар, иә?)))

Бір сезімнен жаңа арылып, жаңа сезімге, жаңа қарым-қатынасқа мүлдем дайын емес шағымда менің ойымдағы идеал адам кезікті маған!

Тап менің қиялымдағы жан. Өмірге деген көзқарас, приоритеттеріміз, ой-пікіріміз, тіпті оқитын авторларымыз бірдей болатын. Сыпайы, қыз балаға құрметі ерекше, нағыз джентельмен. Еріксіз алдындағы сүйгеніммен салыстырсам, не деген ақымақ болдым дейтін едім. Бір ғана кездесу болды. Кино, ресторан, үйге шейін шығарып салды. Болды. Кейінгілеріне баруға арым жібермеді. Себебі, бар ақыл-санам "Іздегенің алдында!", құрбыларым "Керек адамың осы!" дегеніне қарамай, жүрегім үнсіз еді. Жігіт те барын салды. Арамызда біраз таныстар да "ғажап жұп боласыңдар" дейтін. Алайда, жақсы адамның сезімімен ойнағым келмеді. Кейін түсіндіруге тырыстым. Әрине, ұқты. Себебі бір-бірімізді жақсы түсінетін едік.

 Ал мен ғашық болған адам тіпті бөлек жан)) Басқа, мүлдем ұқсамаймыз. Бірақ бұл басқа әңгіме))))

Айтпағым, қиялыңдағы адамға кезіксең де, ғашық боламын деуге болмайды екен)) "Сүйгеніме қос" - деп тілеген дұрыс-ау))))