«Мінезді жақсартуға өмір бойы үйреніп, күресе бер» ІІІ бөлім. Керек емес жағымсыз қасиеттер

«Мінезді жақсартуға өмір бойы үйреніп, күресе бер» ІІІ бөлім. Керек емес жағымсыз қасиеттер
жеке
блог

 Өзіңді ренжіткен адамды кешіре білудің өзі үлкен жеңіс. Кешірімді болсаң, ашу және жек көру секілді зиянды сезімдерге бой алдырмайсың. Рухани күш-жігерің бекерге шығын болмайды

                                                                            (Мұрат Мұқаш)

         Жалпы, «он пәленің тоғызы – тілден» - демекші, адамдар қашанда бір-біріне орынды, ешкімнің көңіліне тимейтіндей сөйлеп, әзілдессе жөн-ақ. Сыни пікір артық айтылса, ал адамды соншалықты кемшілігін тергеп, қазбалай берудің қажеті жоқ. Адамның көңіліне қарап сөйлей білу де – аса тартымды қасиет. Расында да, адамзат баласы өш алып, кектенуші яки ешкімді жек көруші де емес.               Өйткені, оның ойлары ғой, солай көрсететін!? Бала жек көруші, кекшіл емес, өйткені кішкентай бала кезінде бұзықтық жасаған жағдайда, ата-анасының қатал айтқан сөздерін, ұрысқанын немесе, тіпті ұрғанын дәл қазіргі күнге дейін еске сақтап, олардан өш алушы да емес. Ол кездегі болған жәйтты ұмыттық, кешірімдіміз, тіпті есімізде қалған емес. Сол кезде ренжіп, өкпелегенмен, есейгенде олай ұрыссуы біз үшін дұрыс екенін бәрібір де ұғынамыз.

      Өйткені, мұның бәрі өткінші, өтіп кетеді, жарқын күндер алда болады. Айтылады, қойылады, уақыт өтеді сосын кетеді. Ең бастысы – өзіңізді қандай адам екеніңді біліп, кемшіліктеріңді біртіндеп, «мен өзгертуге, түзетуге тырысамын, жақсы адам болып  кетемін!» - деген ойлармен құлазыған ойдан сейілтіп, алға жігерленіп, ұмтылу керек. Жеке тұлға өзінің ойындағысын істейді, ешкімнің ойымен жүре бермейді. Өмір әркімнің өзінікі болғасын, өзгенің ақылын ой елегінен өткізгенімен, өз шешімін орындайды. Өйткені, өмір - мектеп. Ал адам – бұл өмірде бәрін өмір бойы үйренуші.

 

Болмысым ұнамаса,

Қол жай да жайлап қана.

Сыртымнан дұға жаса,

Сыртымнан ғайбаттама!

                                                 (Жандарбек Бұлғақов)

 

Сіздердің де алып-қосарыңыз бар шығар бәлкім?!

 

   Жалғасы бар...

                                                      Дайындаған: Өтегенова Әйгерім Жаналықызы

 

                                                                                                  

 

 

Қосымша мәлімет алынды: Асыл арна, Айтыс-ұлттық өнер иснтасынан.