Мінезбен күрес

Мінезбен күрес
жеке
блог

Мінезім жайлы қатты сын естідім...

Білем ол мінездің мен де барын, бірақ мен оны жасырдым. Тек жақындарым білетін... Олар білетін, кешіретін, ұрсатын, түсіндіретін... Бірақ, ол солай қалды. Мен өзгердім деп ойлайтынмын. Кейіннен ой келді, олар мені сүйсе солай қабылдасын, мен қандаймын солай қабылдауы керек деп..

Мен сыртта өзгемін, ешкім оны сезбейді білмейді деп ойладым... сөйтсем ол сезіледі, білінеді...

Мінезді қалыптастырады, тәрбиелейді дейді. Өтірік. Мінезді кейін тәрбиелеу ол жасандылық. Сен өзіңді қоршаған адамдардай болу үшін солардың маскасын киесің, түрленесің өзгересің. Әттең дейсің...


Мінез бала күннен қалыптасады. Мен соған сенем. Мен көбіне апа-атамның қолында өстім. Сол кезде мені көп салыстыратын. Өзімше, идеал болуға тырысатынмын. Менен озып кеткендерге жыным келетін, солай жеккөрініш пайда болып менің қараңғы тұсымды ашты. Мен жақсы болуға тырысқанда бағаланбаса мен ашуланатынмын, мені бағаламады деп менің ісімнің басқалардан жақсы екенін сендіріп түсіндіруге тырысатынмын. Осының кесіренен ашу пайда болды. Біреу кішкене маған сөз айтса мен оған өзімнің мықтылығымды сөз қайтару мен даусымды көтеру арқылы дәлелдеуге көштім... Мені ешкім әлсіз демесін деп, бар істе алда болуға тырыстым. Мені мақтап, маған басқаша қарамаса мен жылайтынмын, мазасыз болатынмын... Мықты болуға тырыстым, ешкімнің маған қарсы кішкене болса да сөз айтуына мені басынуына жол бермейтін болдым.

Бірақ, ол әлсіз өжеттілік еді... Себебі, жүрегім жұмсақ еді. Өз дегенімен бәрібір жете алмайтын жігерсіздік қалыптасты...

Оқушы күнімде "менменсің" деген пікірді жиі еститінмін. Бірақ, ішімде ешқашан  меншілдік пен менсінбеушілік болған емес еді. Мен тек әлсіздігімді көрсеткім келмейтін...

Мінез бала күннен қалыптасады. Тәрбиеле дейді. Тәрбиелеп келем, бірақ...