Поездың купесінде екі ғашық отырады. Жолай оларға тағы екі жолаушы – әкесі мен баласы қосылады. Әкесі жасамыс тартқан, ал ұлы 25-тен асып, 30-дарды алқымдаған, тепсе, темір үзетін ер азамат. Әлгі жігіт орнына жайғаса сала, дереу терезеге үңіліп, бар көңілін сонда аударып алған, жүзіндегі жымиыстан кеудесіне сыймай тұрған қуанышы байқалады. Сәлден соң ол әкесіне:
- Әке, ананы қара, талдарға қарашы, олар жап-жасыл, қандай керемет! – дейді. Купеде отырған екі ғашық бір-біріне көз тастап, күліп жіберуге шақ қалып, өздерін ұстайды. Ал жігіттің әкесі ұлына жылы жанармен қарап, жымиып, басын изеді. Сәлден кейін ұлы қайтадан:
- -Әке, әкешім, қарашы! Құстар ұшып барады! Олар қандай әдемі және өте биікке самғайды, - деп қояды. Қыз бен жігіт оның бұл қылығына кішкене жайсызданып қалды. Ал әкесі ұлын тыюдың орнына, оған қосылып, мәз-мейрам! Жас жұп бұл әкелі-балалы екеуге назар аудармауды ұйғарып, аймаласып, өз алдарына әңгімелесіп отырады. Міне, тағы да! Әлгі еңгезердей жігіт әкесіне қарап бар даусымен:
- Әке, қара, қара, аспан қандай көкпеңбек, мөп-мөлдір! – деп, сәбидей мәз-мейрам. Ұлының оғаш қылығына «қой» демеген әкесіне қарап, әлгі екеуі шыдай алмай:
- Ұлыңызды арнайы емханаға апарып көрсетіп, мамандардың көмегіне жүгінбейсіз бе? – дейді. Сонда әлгі жігіттің әкесі асықпай жауап береді:
- Ұлым бүгін ғана емханадан шықты. Туылғаннан көзі көрмейтін еді, бүгін оған операция жасалды. Өмірге келгелі бүгін жарық дүниені бірінші рет көруі...
Біреуді сынауға асықпайық