Міне мен де сыр шертейін...

Мен Жанар Каримнің әңгімесін оқып отырып,өмірде мен ғана емес екенмінғой қиналған деп ойлап қойдым.

Мен неден бастарымдыда білмеймін...

Менің отбасымда анам,әкем,ағам ,әпкем болатынбыз.Әпкем 2010 жылы уйленіп,2011 жылы ұлды болды,,,бәріміз бақытты едік...

Әпкем осы 2012 жылдың аяғы ,жаңа жылға 10-15 күн қалғанда  үйге қыдырып келіпті.қу жан арық,су дегенді көп ішеді екен.Өзі бұрыннан аурушаң,тез аурып тез жазылатын-ды.Ауруына аса мән бермедік...өзі де мән бермеді...1 күн қонып үйіне кетті.

Мен жаңа жылда әпкеме бардым.қу суйек қалды десем болат,,,қайта-қайта әжетхана,қайта-қайта мұздай су ішеді...Бұнысы несі деп таң қалдым...Ауруханаға бар дедім.ол жаңа жылда олар демалып жатыр.мән берме жазылам,аке-шешеме айтпа босқа уайымдайт деді...менде үндемедім...

Үйге келгесін.Акеме тек шет жағасын,апкем арықтап кетіпті деп айттым...сосын мен келгеннен 2-3 күннен соң әпкемнің талып қалғаны,оның ауруханада екені айтылды...алып ұшып анам мен әкем соларға кетті...мен үйдемін...не керек 10 күн өтпей жатып ,,,дүниеден озғанын естідім,,,,,төбемнен жай түкендей болды...шынымды айтсам сенген жоқпын...

осыдан 5 ай бұрын болған бұл жайт,отбасымызды есеңгіретіп салды...Әкем мен анам біресе дәрігерді ,біресе өздерін кіналайды...

Мен қанша уақыт өтседе мүлдем сенбеймін.барі өтірік сияқты көрінеді...Бұрындары,бірудің пәленшесі қайтыс болыпты дегенді естігенде,қайғырсамда түсінбейді екенмін,,,адам тек өз басына келгенде түсінеді екен...

Басқалардың әпкесімен жүргенін көрсем,жаным құса болады...Бұрындары болмашы затқа жылап,тез қоясалатынмын,,,қазір көп затты түсінетін сияқтымын,бырақ бір жыласам тоқтай алмаймын,,,

кейде ойлаймын артында 1 жасар баласын анасыз қалдырғанша құдай неге мені алмады екен деймін...

Сіздер мүмкін түсінбейтінде шығарсыздар,бірақ жақындарыңызға қатты көңіл бөліңіздерші...мына мендей бейбақ болмаңыздар.

қатты өкінем ,сол кезде , соқырдың өзі байқайтындай ауруды менің неге байқамағанымды ойласам,өзімді ұрып ,өлтіріп тастағым келеді...

бірақ бұл да жаратқанның сынағы шығар.дегенмен уақыт қайта айналып келмейді екен..............................



Бөлісу: