Зерттеушілер алдымен бір топ адамды екіге бөліп, сынақ жүргізген. Сынаққа қатысушылардың бәрі үш ай бойы жасушадағы нуклеин қышқылының синтезін тежейтін хлорохин препаратын қабылдапты. Осы мерзім ішінде бірінші топтағы адамдары ауру қоздырғышын таратушы масалар шағып тұрса, екінші топ қарапайым масалардың шабуылына ұшыраған. Ал үш айдан кейін сынақ жүргізушілер тәжірибеден өтіп жатқан топ мүшелерінің барлығын да малярия қоздырғышын таратушы масаларға шақтырыпты. Сонда алғашқы топ мүшелерінен ауру белгісі табылмайды. Ал кезінде қарапайым масалармен сынақ жүргізген екінші топ өкілдерінің безгек жұқтырғаны белгілі болады. Бұдан шығатын қорытынды – хлорохин малярия қоздырғыштарын өлтіріп, оның қан құрамында дамуына жол бермейді. Сөйтіп адам ағзасында ауруға қарсы иммунитетті нығайтады. Хлорохин қолданған адамды шаққан масаның індетті тарату қабілеті де төмендейді. Ғалымдар енді осы әдістің негізінде жаңа вакциналар өндіруді көздеп отыр